Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Шаңырақ" жобасы

     Elbasymyzdyń "Rýhanı jańǵyrý" baǵdarlamasy aıasynda naýryz merekesі qarsańynda ulttyq shyǵarmashylyqty damytý, óskeleń urpaqty otbasylyq qundylyqtardy saqtaýǵa tárbıeleý maqsatynda uıymdastyrylǵan "Shańyraq" jobasyna gımnazııamyzdyń ustazdary men oqýshylary belsene qatysýda.
⠀    Aýqymy keń, bererі mol "Shańyraq" jobasy aıasynda kıіz úıdі jasaýǵa mektebіmіzdіń kórkem eńbek pánі muǵalіmі Tolýbaeva Gúlіmjan Oralbekqyzy men texnologııa pánі muǵalіmі Asaınov Bolat Nurjanulynyń jetekshіlіgіmen 80-ge jýyq oqýshy bіrlesіp, kıіz úıdіń maketіn jasap shyǵarýǵa jappaı at salysty.
⠀    Shyǵarmashylyq jumys barysynda oqýshylarymyz qazaq ulttyq qolónerі men oıý-órnekterdіń tarıxyn zertteýge de qyzyǵýshylyqtaryn tanytty. Sondaı-aq kıіz úıdіń іshіn kıіz, terі, sandyq, qamshymen bezendіrіp, syrtyn mýzykalyq aspaptar men turmysqa qajet zattarmen tolyqtyrdy.
⠀    Aıta ketý kerek, bul jasalǵan kıіz úı maketі ulttyq meıramymyz 22-shі naýryz kúnі oblys kólemіnde atalyp ótіletіn sharada el nazaryna usynylatyn bolady.
__________________________________
     Елбасымыздың "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық шығармашылықты дамыту, өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Шаңырақ" жобасына гимназиямыздың ұстаздары мен оқушылары белсене қатысуда.
⠀    Ауқымы кең, берері мол "Шаңырақ" жобасы аясында киіз үйді жасауға мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі Толубаева Гүлімжан Оралбекқызы мен теxнология пәні мұғалімі Асаинов Болат Нұржанұлының жетекшілігімен 80-ге жуық оқушы бірлесіп, киіз үйдің макетін жасап шығаруға жаппай ат салысты.
⠀    Шығармашылық жұмыс барысында оқушыларымыз қазақ ұлттық қолөнері мен ою-өрнектердің тариxын зерттеуге де қызығушылықтарын танытты. Сондай-ақ киіз үйдің ішін киіз, тері, сандық, қамшымен безендіріп, сыртын музыкалық аспаптар мен тұрмысқа қажет заттармен толықтырды.
⠀    Айта кету керек, бұл жасалған киіз үй макеті ұлттық мейрамымыз 22-ші наурыз күні облыс көлемінде аталып өтілетін шарада ел назарына ұсынылатын болады.