"Киіз үйдің үздік жасағы" номинациясы бойынша I дәрежелі диплом
2018 жылғы қыркүйектен бастап "Руxани жаңғыру" бағдарламасының аясында бірінші "Шаңырақ" облыстық жобасы бастау алған болатын. Ұлттық шығармашылықты жаңғырту әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған жобаға Павлодар облысының 312 білім беру мекемесінен жалпы саны 23006 оқушы қатысты.
Солардың қатарында Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатымыздың 80 оқушысы көркем еңбек ұстаздарының жетекшілігімен киіз үй макетін жасап, облыстық "Киіз үй-Fest" көрме-конкурсына жолдаманы ұтып "Киіз үйдің үздік жасағы" номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесінде киіз үйіміз орталық алаңда құрылып, ел назарына ұсынылған күйінде көптің көңілінен шықты. Тіпті, облыс әкімі Болат Бақауов пен білім басқармасының басшысы Дінислам Болатxанұлы киіз үй макетімізді тамашалады.