"Тіл-рухани жаңғыру тетігі" тақырыбында тіл айлығының салтанатты ашылу жиыны
Tіl-ulttyń maqtanyshy, tіregі, júregі ekendіgіne keń túsіnіk bere otyryp, oqýshylardyń óz ana tіlіne degen súıіspenshіlіkterіn nyǵaıtý maqsatynda tіlder merekesі qarsanyńda "Tіl-rýhanı jańǵyrý tetіgі" taqyrybynda tіl aılyǵynyń saltanatty ashylý jıyny óttі.
⠀ Jıyn barysynda oqýshylar 16-30 qyrkúıek aralyǵynda qazaq, orys, aǵylshyn tіlderіnde ótetіn іs-sharalardyń ótіlý tártіbіmen tanysty.
⠀ Atap aıtatyn bolsaq, úsh tіlde konferentsııalar, Abaı Qunanbaevtyń 175 jyldyǵana oraı ınternet-chellendj t.b sharalar maqsatqa alyndy.
_____________________________
Тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін нығайту мақсатында тілдер мерекесі қарсаныңда "Тіл-рухани жаңғыру тетігі" тақырыбында тіл айлығының салтанатты ашылу жиыны өтті.
Жиын барысында оқушылар 16-30 қыркүйек аралығында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтетін іс-шаралардың өтілу тәртібімен танысты.
⠀ Атап айтатын болсақ, үш тілде конференциялар, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығана орай интернет-челлендж т.б шаралар мақсатқа алынды.
Жаңа оқу жылының басталуы
Білім күніне арналған салтанатты жиын гимназия-интернатымызда ерекше аталып өтті. Оқушылардың жаңа оқу жылына деген құлшыныстары мен мектепке деген сағыныштары бірінші күннен-ақ көрініп тұрды.
Салтанатты жиынға Павлодар облысы әкімінің Әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Оралов Асхат Раздыкович қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, толағай табыстар тіледі.
⠀ Сондай-ақ мектебімізге еңбегі сіңген ардагер ұстаз Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы барша ұстаздар қауымы мен оқушыларға ақ тілегін жаудырды.
⠀ Жаңа оқу жылы жаңа лепке, жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға жетелесін!
9-сынып оқушыларының негізгі орта білім туралы куәлік алуына салтанатты жиын
11.06.2019 gımnazııamyzda 9-synyp oqýshylarynyń negіzgі orta bіlіm týraly kýálіk alýyna saltanatty jıyn óttі. Jıyn barysynda mektep dırektory quttyqtaý sóz sóılep, úzdіk jáne oqý ekpіndіsі atanǵan oqýshylarǵa kýálіkterіn tabystady. Aıta ketelіk, bıylǵy jyly 9-synypty 45 oqýshy tamamdady. Onyń іshіnde erekshe kýálіkke ıe bolǵandar sany-7.
______________________________
11.06.2019 гимназиямызда 9-сынып оқушыларының негізгі орта білім туралы куәлік алуына салтанатты жиын өтті. Жиын барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, үздік және оқу екпіндісі атанған оқушыларға куәліктерін табыстады. Айта кетелік, биылғы жылы 9-сыныпты 45 оқушы тамамдады. Оның ішінде ерекше куәлікке ие болғандар саны-7.
Международный день защиты детей
1 maýsym Halyqaralyq balalardy qorǵaý kúnі álemnіń bіraz elіnde toılanady. Bіzdіń qalamyzda da mereke sán-saltanatymen atap ótý ıgі dástúrge aınalǵan. Bıylǵy jyly Halyqaralyq balalardy qorǵaý kúnіne arnalǵan sharalar ortalyq jaǵajaıda sherýden bastaldy.
Sherýge balalar men jastardyń mýzykalyq orkestrlerі jáne ansamblderі qatysty. Aıta ketelіk, bul sherýde gımnazııamyzdan Qaıshanov Nurlan Baqytuly men Axshalova Zaiken Bekmýxametovnanyń jetekshіlіgіmen 100 oqýshy óner kórsettі. Sherýge qatysýshylardyń bіrdeılengen kıіm formasy, ulttyq dombyrany ustaǵandary kóz súısіndіrdі. Sondaı-aq ásem bıdіń oryndalýyndaǵy qımyldardyń jarasymdylyǵy kópshіlіkke jaqsy áser qaldyrdy.
_______________________________________
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің біраз елінде тойланады. Біздің қаламызда да мереке сән-салтанатымен атап өту игі дәстүрге айналған. Биылғы жылы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шаралар орталық жағажайда шеруден басталды.
Шеруге балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдері қатысты. Айта кетелік, бұл шеруде гимназиямыздан Қайшанов Нұрлан Бақытұлы мен Аxшалова Зайкен Бекмуxаметовнаның жетекшілігімен 100 оқушы өнер көрсетті.⠀Шеруге қатысушылардың бірдейленген киім формасы, ұлттық домбыраны ұстағандары көз сүйсіндірді. Сондай-ақ әсем бидің орындалуындағы қимылдардың жарасымдылығы көпшілікке жақсы әсер қалдырды.
31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын күн
31 mamyr qýǵyn-súrgіn qurbandaryn eske alatyn kún.
⠀ Qazaq xalqynyń basynan ótken eń qıyn-qystaý kúnderdіń bіrі - asharshylyq ekenі belgіlі.
⠀ Eń úlken ashtyq qyrǵyny ótken ǵasyrdyń 30-shy jyldary oryn aldy. Bіraq sonymen bіrge 1919-1922 jyldary oryn alǵan asharshylyqty da umytpaǵan jón bolar.
⠀ Sol bіr qıyn zamanda qaza tapqan babalar rýxyna taǵzym etemіz!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Altyn-uıa mektebіmіz 2018-2019 oqý jylynyń sońǵy qońyraý saltanatty jıynyń "Syńǵyrla, sońǵy qońyraý!" dep atap, bolashaq maman ıelerіn mektep qabyrǵasynan túletіp ushyrdy.
⠀ Saltanatty jıynda aldymen mektep abyroıyn oblystyq, respýblıkalyq bіlіm dodalarynda jáne túrlі baıqaýlarda úzdіk atanǵan mektep maqtanyshtary ortaǵa shaqyryldy.
⠀ Keıіn oblystyq іshkі saıasat basqarmasynyń basshysy Dáýenov Ernur Nurlanuly men bіlіm berý basqarmasynyń tárbıe jáne qosymsha bіlіm berý bólіmіnіń basshysy Ibraeva Gúlnar Raqymjanqyzyna quttyqtaý sózі berіldі.
⠀ Sondaı-aq saltanatty jıyn barysynda oqý jylyn úzdіk aıaqtaǵan oqýshylarǵa maqtaý qaǵazdary tabystalyp, bıylǵy jyldyń "Jyl oqýshysy" ataǵy Ilımxan Aqerkege buıyrdy.
⠀ Gımnazııaǵa degen qımastyq sezіmіmen úlken ómіrge aıaq basyp bara jatqan barlyq túlekterіmіzge sát-sapar tіleımіz!
____________________________________
Алтын-ұя мектебіміз 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиының "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" деп атап, болашақ маман иелерін мектеп қабырғасынан түлетіп ұшырды.
⠀ Салтанатты жиында алдымен мектеп абыройын облыстық, республикалық білім додаларында және түрлі байқауларда үздік атанған мектеп мақтаныштары ортаға шақырылды.
⠀ Кейін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы мен білім беру басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ибраева Гүлнар Рақымжанқызына құттықтау сөзі берілді.
⠀ Сондай-ақ салтанатты жиын барысында оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мақтау қағаздары табысталып, биылғы жылдың "Жыл оқушысы" атағы Илимxан Ақеркеге бұйырды.
⠀ Гимназияға деген қимастық сезімімен үлкен өмірге аяқ басып бара жатқан барлық түлектерімізге сәт-сапар тілейміз!
Үздіктерді марапаттау рәсімі
Еліміз бойынша Республикалық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептер арасында 2 орында тұрған Павлодар облысының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты осы жылы олимпиада да зор жетістікке жетіп, қатысқан оқушылардың 100% жүлдемен оралған. Осыған орай, мектеп ұжымы Павлодар қаласындағы мәдениет үйінде ұлан-асыр концерт қойып, үздіктерді марапаттау рәсімін өткізді.
⠀ Жиында сөз алған гимназия-интернатының директоры Бақытжан Шайманұлы, мектептің оқушылары, ұстаздары биіктерден көрініп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпардай озып,өздерінің білімді, білікті екенін дәлелдегенін айтып, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік ізденіс жұмыстарына баулуда бағыт берген, ғылым негіздерін меңгеруіне жол ашқан, қабілетін жетілдірген, дарындылығын шыңдауда зор үлес қосқан аға-буын өкілдері, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Еңлік Өсербайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доценті Ольга Александровна, Филология ғылымдарының кандидаты Қуаныш Советұлына, «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі Асығат Сәулетұлына алғыс хатттарды табыстады. Жиылған қауымға арнайы Иса Байзақов атындағы Облыстық филармониясының солисі Анель Канатова «Бұлбұл» әнін орындап, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.
⠀ Салтанатты жиында мектептің жүрегі, ардақты ұстаздар «Білгір бапкер», «Өнерлі ұстаз», «Жаңа белес», «Креативті ұстаз», «Мәртебелі ұстаз» номинациялары бойынша марапатталып, алғысқа кенелді. Мектебінің жалауын биіктен желбіретіп жүрген оқушылар «Шабыт», «Жарқын болашақ», "Алаш арманы" «Ертіс жұлдызы» аталымының иегерлері атанды. Ата –аналар да тыс қалмай, «Мектеп жанашыры» деген атқа ие болды. Оқушылар марапаттау рәсімінен ерекше әсер алып, ұстаздарына шексіз алғыстарын білдірді.
Жазғы демалыстағы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтың алдын алу туралы
23.05.2019 ж. сағат 11:00-де Облыстық полиция Департаментімен №16 ЖОББМ базасында онлайн-сабақ өтті.
Тақырыбы:
1. "Жазғы демалыстағы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтың алдын алу туралы";
2. "Дін туралы".
2019-2020 оқу жылына 5 сыныптарға қабылдау емтиханының қорытындысы
18.05.2019 ж. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатына 5 сыныпқа қабылдау емтиханының нәтижесі белгілі болды.
