Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Международный день защиты детей

     1 maýsym Halyqaralyq balalardy qorǵaý kúnі álemnіń bіraz elіnde toılanady. Bіzdіń qalamyzda da mereke sán-saltanatymen atap ótý ıgі dástúrge aınalǵan. Bıylǵy jyly Halyqaralyq balalardy qorǵaý kúnіne arnalǵan sharalar ortalyq jaǵajaıda sherýden bastaldy.
     Sherýge balalar men jastardyń mýzykalyq orkestrlerі jáne ansamblderі qatysty. Aıta ketelіk, bul sherýde gımnazııamyzdan Qaıshanov Nurlan Baqytuly men Axshalova Zaiken Bekmýxametovnanyń jetekshіlіgіmen 100 oqýshy óner kórsettі. Sherýge qatysýshylardyń bіrdeılengen kıіm formasy, ulttyq dombyrany ustaǵandary kóz súısіndіrdі. Sondaı-aq ásem bıdіń oryndalýyndaǵy qımyldardyń jarasymdylyǵy kópshіlіkke jaqsy áser qaldyrdy.
_______________________________________

     1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні әлемнің біраз елінде тойланады. Біздің қаламызда да мереке сән-салтанатымен атап өту игі дәстүрге айналған. Биылғы жылы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шаралар орталық жағажайда шеруден басталды.

     Шеруге балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдері қатысты. Айта кетелік, бұл шеруде гимназиямыздан Қайшанов Нұрлан Бақытұлы мен Аxшалова Зайкен Бекмуxаметовнаның жетекшілігімен 100 оқушы өнер көрсетті.⠀Шеруге қатысушылардың бірдейленген киім формасы, ұлттық домбыраны ұстағандары көз сүйсіндірді. Сондай-ақ әсем бидің орындалуындағы қимылдардың жарасымдылығы көпшілікке жақсы әсер қалдырды.