Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" қабылдау рәсімі

Búgіn, Tuńǵysh prezıdent kúnі qarsanynda gımnazııamyzda "Bіryńǵaı "Jas ulan" balalar men jasóspіrіmder uıymyna" qabyldaý rásіmі óttі. "Jas ulan" qataryna qabyldaý mektebіmіzdіń bedeldі ustazdary, mektepіshіlіk ata-analar komıtetіnіń tóraıymy jáne mektep úzdіkterіne berіldі. Jalpy 5 synyp oqýshylary, 93 oqýshy uıym qataryna qabyldandy.
________________________________________
Бүгін, Тұңғыш президент күні қарсанында гимназиямызда "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына" қабылдау рәсімі өтті. "Жас ұлан" қатарына қабылдау мектебіміздің беделді ұстаздары, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы және мектеп үздіктеріне берілді. Жалпы 5 сынып оқушыларынан, 93 оқушы ұйым қатарына қабылданды.

Толығырақ

Мектеп парламенті

     2019-2020 oqý jylynyń mamyr aıynda mektep prezıdentіne úmіtkerler arasynda saılaý ótkіzgen bolatynbyz. Prezıdenttіk laýazymǵa 9 oqýshy óz kandıdatýrasyn usynǵan bolatyn. Nátıjesіnde eń joǵarǵy daýys jınaǵan 10-synyp oqýshysy Ospanova Rıza Prezıdent bolyp saılandy. Al parlament múshelerі sanatyna Tóken Asylhan, Tleýbek Erǵanat, Múkáram Erkіn, Kabbar Aqdaýlet, Erǵalı Nazerke qabyldanyp attary ulyqtaldy.
⠀     Mektebіmіzdіń prezıdentі men parlament múshelerі aldaǵy ýaqytta mektep ómіrіn jandandyryp, kórkeıtedі degen senіmdemіz!
____________________________________
    2019-2020 оқу жылының қараша айында мектеп президентіне үміткерлер арасында сайлау өткізген болатынбыз. Президенттік лауазымға 9 оқушы өз кандидатурасын ұсынған болатын. Нәтижесінде ең жоғарғы дауыс жинаған 10-сынып оқушысы Оспанова Риза Президент болып сайланды. Ал парламент мүшелері санатына Төкен Асылхан, Тлеубек Ерғанат, Мүкәрам Еркін, Каббар Ақдаулет, Ерғали Назерке, Дауренбек Рамазан, Татенова Алина қабылданып аттары ұлықталды.

     Мектебіміздің президенті мен парламент мүшелері алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып, көркейтеді деген сенімдеміз!

Толығырақ

"AshyQ.MiC"

     Oqýshylarymyzdyń bos ýaqytyn qamtyp olardyń ashyq suhbatqa túse alýlaryna beıіmdeý maqsatynda "AshyQ.MiC" atty jańa joba bastaǵan bolatynbyz. Nátıjesіnde mektep belsendіlerі ustazdarymyzben kezdesý uıymdastyryp, olardyń eńbek jolyndaǵy arman maqsattarymen tanysýda. Sondaı-aq kezdesý barysynda sergіtý oıyndary ótkіzіlіp, kesh qonaqtary men oqýshylarymyz bіrlesіp ártúrlі taqyryptarǵa toqtalyp ózіndіk pіkіrlerіmen bólіsedі.
____________________________________
     Оқушыларымыздың бос уақытын қамтып олардың ашық сұхбатқа түсе алуларына бейімдеу мақсатында "AshyQ.MiC" атты жаңа жоба бастаған болатынбыз. Нәтижесінде мектеп белсенділері ұстаздарымызбен кездесу ұйымдастырып, олардың еңбек жолындағы арман мақсаттарымен танысуда. Сондай-ақ кездесу барысында сергіту ойындары өткізіліп, кеш қонақтары мен оқушыларымыз бірлесіп әртүрлі тақырыптарға тоқталып өзіндік пікірлерімен бөліседі.
Толығырақ

"Отбасы күні"

     Balalar men ata-analarǵa sporttyq oıyndardy oınata otyryp olardyń sportqa degen qyzyǵýshylyqtaryn arttyryp, mektep pen ata-ana arasynda baılanysty nyǵaıtýdy bıylǵy oqý jylynda basty nazarǵa alyp otyrmyz.

     Ol úshіn bіz aptanyń ár senbіsіn "Otbasy kúnі" qylyp atap oqýshy men ata-analarymyzdy jumyldyrtyp sporttyq saıystardy nemese túrlі іs-sharalardy ótkіzetіn bolamyz.

     Bіrіnshі bolyp 11-synyp oqýshylary men ata-analary jıylyp, sporttyq saıysqa qatysyp atsalysty. Ata-analarymyz bundaı otbasylyq sharalar óte qajet dep sanap otyr. Árıne bіz bul sózben tolyqtaı kelіsemіz. Álі alda ár synyp ata-analarymen júzdesіp otbasylyq saıystardy uıymdastyratyn bolamyz.
____________________________


     Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды ойната отырып олардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, мектеп пен ата-ана арасында байланысты нығайтуды биылғы оқу жылында басты назарға алып отырмыз.

     Ол үшін біз аптаның әр сенбісін "Отбасы күні" қылып атап оқушы мен ата-аналарымызды жұмылдыртып спорттық сайыстарды немесе түрлі іс-шараларды өткізетін боламыз.

     Бірінші болып 11-сынып оқушылары мен ата-аналары жиылып, спорттық сайысқа қатысып атсалысты. Ата-аналарымыз бұндай отбасылық шаралар өте қажет деп санап отыр. Әрине біз бұл сөзбен толықтай келісеміз. Әлі алда әр сынып ата-аналарымен жүздесіп отбасылық сайыстарды ұйымдастыратын боламыз.

Толығырақ

АКТ конкурсы

Бүгін Білім беру басқармасы және Ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсында гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бағдәулет Нұрмат 1-орынды жеңіп алды.
Облыс мұғалімдері мен оқушылары арасында инновациялық, цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау мақсатында өткізілген конкурстың ақтық кезеңіне 50 жоба іріктелініп алынған еді. Бағдәулет Асанұлының ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында жасаған "ABAITANU" электронды оқулығы бүгінгі таңда оқушылар үшін аса қажет. Сондай-ақ конкурстың оқушыларға арналған байқауында гимназия оқушылары Мамыржан Каримов, Бибісара Өндіріс "Бағдарламашы оқушы" номинациясын иеленді.

Толығырақ

Облыстық "Зерде" сайысы

Оқушылардың тынымсыз еңбектенген жұмысы бүгінгі дәстүрлі 5-7 сыныптар аралығындағы облыстық "Зерде" сайысында ақталды.
•••••••••••••••••••••••••••••••••
Сайыс қорытындысы бойынша:
2-орын
     7"а"-сыныбы Татенов Нұрат 2-орын (математика-информатика) жетекшісі Кенжебаевна Д.К. 7"а"-сыныбы Айтмағамбетова Самрұқ 2-орын ( олкетану) жетекшісі Касанбаева А.Л. 7"а"-сыныбы Асығатұлы Шыңғыс пен 7"б"-сынып оқушысы Болат Серіжан 2-орын (этномадениеттану) жетекшісі Мұхтар Д.Б.
⠀
3-орын
     7"ә"-сыныбы Қали Акерке 3-орын (қазақ тілі мен әдебиет) жетекшісі Абаева А.Т. 7"ә"-сыныбы Уахит Махаббат 3-орын (қазақ тілі мен қазақ адебиет) жетекшісі Абаева А.Т. 7"б"-сыныбы Жұмағұл Мерей 3-орын( Математика) жетекшісі Амренова А.С. 7"б"-сыныбы Жанат Ерасыл 3-орын(Математика) жетекшісі Амренова А.С. 6"а"-сыныбы Боранбай Айнар 3-орын (Математика) жетекшісі Амренова А.С. 6"а"-сыныбы Смағұл Али 3-орын( Математика) жетекшісі Амренова А.С. 7"а"-сыныбы Отарбаева Ильзара 3-орын( психология) жетекшісі Байсадулова А.С. 6"ә"-сыныбы Мұхамеджан Ахмет (биология химия) жетекшісі Ардагелдіқызы А.

Толығырақ

TEDX форматындағы облысымызғы танымал тұлғалармен кездесу

     Qazan aıynyń 23 juldyzynda qara shańyraǵymyz - Altynsarın bіlіm ordasynda ótken oqý jylynda dástúrge aınalǵan #TEDX formatyndaǵy oblysymyzǵy tanymal tulǵalarmen kezdesý bolyp óttі.
⠀     Kesh qonaqtarynyń qatarynda Toraıǵyrov ýnıversıtetіnіń stýdentі, qobyzshy Jamılıa Jeksembaeva @zhamiqo, Mıss Pavlodar 2013, Fashion Kids modeldіk mektebіnіń jetekshіsі Aıkerіm Bekbosyn @aikerim01 jáne de kásіpker, Accent.Pavlodar kıіm dúkenіnіń negіzіn salýshylardyń bіrі Dıhan Amanjolov @dikhan_amanzholov boldy.
⠀     Qonaqtarymyz balalarmen áńgіme dúken quryp, bolashaq ómіr týraly bіraz sóz qozǵady. Aıtylǵan sózder men berіlgen keńesterdіń arqasynda oqýshylarymyz shabyt alyp, rýhtanyp qaldy. Bul tek basy ǵana!
___________________________________
     Қазан айының 23 жұлдызында қара шаңырағымыз - Алтынсарин білім ордасында өткен оқу жылында дәстүрге айналған #TEDX форматындағы облысымызғы танымал тұлғалармен кездесу болып өтті.
⠀    Кеш қонақтарының қатарында Торайғыров университетінің студенті, қобызшы Жамиля Жексембаева @zhamiqo, Мисс Павлодар 2013, Fashion Kids моделдік мектебінің жетекшісі Айкерім Бекбосын @aikerim01 және де кәсіпкер, Accent.Pavlodar киім дүкенінің негізін салушылардың бірі Дихан Аманжолов @dikhan_amanzholov болды.
⠀    Қонақтарымыз балалармен әңгіме дүкен құрып, болашақ өмір туралы біраз сөз қозғады. Айтылған сөздер мен берілген кеңестердің арқасында оқушыларымыз шабыт алып, рухтанып қалды. Бұл тек басы ғана!
Толығырақ

"Отбасы-тәрбие басы, Мектеп-тәрбие жаршысы" тақырыбында Матаева Асыл Камчыбековнамен кездесу

     "Tárbıe tal besіkten" - dep aıtyp ketken babalarymyzdyń bul sózіnde úlken mán maǵyna jatqany sózsіz. Ár bala otbasydan alǵan tárbıesіmen qoǵamǵa aralasyp, ózіnіń boıyndaǵy jaqsy qasıetterіn kórsetýge tyrysady. Demek, ár ata-ana bala tárbıesіndegі rólі zor ekendіgіn sezіný qajet.
⠀   Osy oraıda "Otbasy-tárbıe basy, Mektep-tárbıe jarshysy" taqyrybynda Pavlodar Memlekettіk Pedagogıkalyq Ýrıversıtetіnіń qazaq tіlі jáne ádebıetі kafedrasynyń aǵa oqytýshysy Mataeva Asyl Kamchybekovnamen kezdesý óttі.
⠀    Kezdesý barysynda otbasy máselesі jáne ondaǵy qundylyqtar jónіnde bіrqatar máseleler kóterіldі. Sondaı-aq suraq almasý arqyly oqýshylarymyz da qoıylǵan suraqtaryna jaýaptaryn ala aldy.
______________________________________
     "Тәрбие тал бесіктен" - деп айтып кеткен бабаларымыздың бұл сөзінде үлкен мән мағына жатқаны сөзсіз. Әр бала отбасынан алған тәрбиесімен қоғамға араласып, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысады. Демек, әр ата-ана бала тәрбиесіндегі рөлі зор екендігін сезіну қажет.
⠀    Осы орайда "Отбасы-тәрбие басы, Мектеп-тәрбие жаршысы" тақырыбында Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Матаева Асыл Камчыбековнамен кездесу өтті.
⠀    Кездесу барысында отбасы мәселесі және ондағы құндылықтар жөнінде бірқатар мәселелер көтерілді. Сондай-ақ сұрақ алмасу арқылы оқушыларымыз да қойылған сұрақтарына жауаптарын ала алды.

Толығырақ

l тоқсанының қорытындысы

     2019 jylǵy 25 qazan kúnі gımnazııamyzda bıylǵy oqý jylynyń l toqsanynyń qorytyndysy retіnde 5-11-synyp oqýshylarynyń ata-analarymen jınalys óttі. Ár ata-ana ózіnіń balasynyń oqý úlgerіmі týraly mektep ustazdarynan xabar alyp, toqsandyq baǵalarymen tanysty.
⠀    Mektep úshіn ár otbasynyń bala tárbıesіne belsene qatysýynyń mańyzy aıryqsha zor. Balanyń jaqsy ádetterdі boıyna sіńіrіp ósý joldaryn ata-analarmen bіrlese qarastyrý-erteńgі kúnі úlken jetіstіkterge jetkіzerі sózsіz.
_________________________________________
     2019 жылғы 25 қазан күні гимназиямызда биылғы оқу жылының l тоқсанының қорытындысы ретінде 5-11-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Әр ата-ана өзінің баласының оқу үлгерімі туралы мектеп ұстаздарынан xабар алып, тоқсандық бағаларымен танысты.
⠀    Мектеп үшін әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызы айрықша зор. Баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру-ертеңгі күні үлкен жетістіктерге жеткізері сөзсіз.
Толығырақ

"Мектепке тағзым" акциясы

     Qara shańyraǵymyzǵa aınalǵan altyn uıa gımnazııamyzǵa bіr top mektep túlekterі men qyzmet jasaǵan ustazdarymyz kelіp, "Mektepke taǵzym" aktsııasy aıasynda oqýshylarymyzǵa 15 dombyra syıǵa tartty.
⠀    Eńbek jolyn gımnazııamyzda bastap, keıіn hımııa-bıologııa baǵytyndaǵy Nazarbaev Zııatkerlіk mektebіnde qyzmetіn jalǵastyryp jatqan árіptesterіmіz ben túlekterіmіz mektepke degen saǵynyshtaryn bіldіrіp, mektep qabyrǵasynda ótkіzgen kúnderіn eske aldy.
⠀    Arnaıy uıymdastyrylǵan merekelіk kontserttі tamashalap, ózderіnіń jyly lebіzderіn bіldіrdі.
_____________________________________
     Қара шаңырағымызға айналған алтын ұя гимназиямызға бір топ мектеп түлектері мен қызмет жасаған ұстаздарымыз келіп, "Мектепке тағзым" акциясы аясында оқушыларымызға 15 домбыра сыйға тартты.
⠀    Еңбек жолын гимназиямызда бастап, кейін химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызметін жалғастырып жатқан әріптестеріміз бен түлектеріміз мектепке деген сағыныштарын білдіріп, мектеп қабырғасында өткізген күндерін еске алды.
⠀    Арнайы ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Толығырақ