Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы
Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай гимназиямызда бірқатар сыныптар арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріліп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлғалық қасиеттері айтылды. Тәрбие сағатының барысында Отырар қаласында ұлы ұстаз атанып, әлемге есімі мәлім болған Әл-Фарабидың көзқарасы Абай Құнанбаевпен де үндесетініне оқушылар көз жеткізді. Екінші ұстаз атанған Әл-Фараби туралы оқушылар қосымша ақпарат алу арқылы бойларына рухани азық жинады.
Өз тілшіміз
СНЮС
2019 ж. 13 ақпанында "Аlmaz Medical Group" ЖШС дәрігері Аипов Кайсар Болатбековичпен "СНЮС" дәрісі туралы семинар сабақ өткзілді. Дәрілердің әсері туралы сұхбат жүргізілді, оқушылардың пікірлері тыңдалды. Сынып жетекшілерімен ақпарат жұмысы жүргізілді.
Коронавирус
10.02.2020 ж. сынып жетекшілеріне арналған "Коронавирус" туралы денсаулық сабағы болды. Семинарды мектеп медбикесі өткізді. Дерттің таралу жолдары, алдын-алу шаралары туралы ақпарат парақтары таратылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
"Абай мұрасы - халық ұлағаты" дөңгелек үстел
Ұлы ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай мектебімізде ақынның қара сөздерінің сипатына тоқталып, тақырыптық жағынан талдау жұмыстары "Абай мұрасы - халық ұлағаты" деген атаумен дөңгелек үстел үстінде жалғасты. Естеріңізде болса өткен апта Абайдың бірінші, екінші және үшінші қара сөздерін 5 а, б -сынып оқушылары мектеп кітапханасында талдаған болатын. Бұл жолы ақынның төртінші, бесінші қара сөздерін 5 б, в- сынып оқушылары жаттап келіп, ондағы адамгершілік пен ізгілікті дәріптейтін сөздерге тоқталды. Иә, бұл керемет бастама оқушыларымыздың ой-саналарын дамытып, бойларына рухани азық берері айқын. Шара соңында мектеп оқушылары кітапхана қорына бағалы кітаптарды табыстап, ақын өлеңдерінен тарту
ASHYQ.MIC атты айдарымыз - Зылғарин Нұрбек Майданұлы
Құрметті @altynsarin_gymnasium парақшасының оқырмандары назарларыңызға ASHYQ.MIC атты айдарымызды ұсынып отырмыз. Біздің ұстаздарымызды жаңаша қырынан таныту үшін арнайы бұл жобаны парақшамызда да жүргізгенді жөн санадық. Қонаққа қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі және интернат меңгерушісі Зылғарин Нұрбек Майданұлын шақырдық.
⠀ Көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз.
_____________________________
Бейнебаянды көріп, бағасын беріп қойыңыздар.Келесі ASHYQ.MIC айдары қай мұғаліммен сұxбат жасағаның қалар едіңіздер?
Ой-пікірлеріңізді күтеміз.
"Ұшқыр ой алаңы" атты республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпазы
М.Катаев атындағы оқушылар сарайында ұйымдастырылған "Ұшқыр ой алаңы" атты республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңінің жеңімпазы болып гимназиямыздың оқушылары марапатталды. Айта кетелік, мектеп командасы ақпан айында Шымкент қаласында өтетін республикалық дебат сайысына жолдама алды. Алда өтетін республикалық кезеңге оқушыларымыз команда жетекшісі Бораналина Гүлсана Қанатқызымен дайындалуда.
"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты интелектуалды сайыс
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып гимназиямызда "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты интелектуалды сайыс 8-сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайысқа әр сыныптан үш оқушы қатысып, 3 кезең бойынша тартысқа түсті. Түрлі викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыларымыздың ой ұшқырлықтары ұшталып қалғандай. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш сайыстың берері мол екендігіне сенеміз.
Педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Р. Ибраева семинар өткізді
31 қаңтар күні гимназиямызда пән мұғалімдеріне арналған "Сабақ жоспары - тиімді оқытудың құралы" тақырыбында педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Р. Ибраева семинар өткізілді.
⠀
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, әр мұғалім өз сабағының нәтижелі өткенін қалайды.
⠀
Сабақтың басты міндеті - оқу мақсаттарын жүзеге асыру. Семинар барысында оқу мақсаттарынан сабақ мақсатын шығару, бағалау критерийлері мен оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың бағыты анықталды.
⠀
ҚМЖ құрастырудың тиімді алгоритмі ұсынылып, практикада іске асырылды.
"Жас Ұлан" ұйымы ұйымдастырған "Зерде" зияткерлік сайысы
Оқушылардың салт-дәстүр бойынша білім қабілеттерін тексеру, тапқырлық қасиетін дамыту мақсатында "Жас Ұлан" ұйымы 7-сынып оқушылары арасында "Зерде" зияткерлік сайысын ұйымдастырды. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Оқушылар үш топқа бөліну арқылы ұлттық дәстүр мен тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып ұпай жинады. Түрлі наным-сенімдердің, қазақи ырымдардың маңыздылығына тоқталып, тек дәстүрімізге сай ырымдарды сақтап жүру абзал екендігін айтты. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
