"Музыкальное созвездие" атты өнер байқауы, І орын
Бәрекелді!
⠀ Жас та болсын талабынан нұр жауып өнерге өзін-өзі ерте баулыған Тлеубек Ерқанатымыз Алматы қаласында V халықаралық жастарға арналған "Музыкальное созвездие" атты өнер байқауының эстрадалық вокал номинациясы бойынша I орынды қанжығасына байлады. Бұған дейін де бірнеше байқаулардың жүлдегері атанып жүрген талантты оқушымыз бұл жолы да сүйіншілеп келе жатыр. Жас әншіміздің өнердегі ұстазы Қорабай Ризабек Жанұзақұлы.
Түлектер форумы
Киелі қара шаңырағымызға айналған білім ордамызда "Мектепке тағзым" жобасын жүзеге асыру аясында түлектер форумы өткізілді. Алғаш рет ұйымдастырылған форумда еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі салада қызмет атқарып, таңдаған мамандығы бойынша биік жетістіктерге жете білген түлектеріміз бас қосты. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектеріміз ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мұратында өткізілген форумға қатысқандарына дән риза болды. Оқушы кездеріндегі қызықты сәттерін еске алып, қазіргі мектеп тынысымен танысты.
⠀ Форум барысында мектеп директоры Қалдыбаев Шоқан Түймебайұлы форумға қатысушыларды форумның мақсат-міндетімен таныстырып оның маңыздылығына тоқтала кетті. Сондай-ақ гимназиямызда еңбек еткен ардагер ұстаздар қауымы мен басшылық қызмет атқарған ардақты ұстаз Жылқыбаев Мақажан Несыпбайұлы, Сүлейменов Жомарт Нұртайұлы, Ахметниязова Айгүл Жұматқызы құрметті қонақ ретінде шақырылды.
⠀ Басты 3 мақсатты көздеген, атап айтсақ, 1) түлектердің оқу-тәрбие ісіне белсене ат салысуы, 2) "Мектепке тағзым" акциясын қолдау, 3) түлектер қауымдастығын құру, форум аясында баяндамалар оқылып, алдағы уақытта атқарылар бірқатар істер жоспарланды. Сондай-ақ түлектер қауымдастығын құруда көптеген игі істердің атқарылуына ұйытқы болар арнайы жұмыс тобы жасақталады.
⠀ Форум соңында келген қонақтарымыз мектеп асханасында жайылған ақ дастарханнан дәм татып, игі бастамаға сәттілік тілеп, қолдау көрсететіндерін айтты.
Халықаралық интернетсіз күні (International Internet-Free Day)
Әлемде көптеген қызықты нәрселер орын алады. Бір нәрсені білу үшін біз Интернетті дереу пайдаланамыз. Иә, бүгінде интернет - адамзат білетін ең үлкен ақпарат көзі. Оның мүмкіндіктері: ұзақ және қысқа қашықтықтағы пайдаланушылар арасында тиімді, жылдам және қол жетімді. Интернетті қолдану тек білім беру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар байланыс құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Интернет соншалықты көп қырлы, әркім одан қажетті және қажетсіз, қызықты және пайдасыз нәрсе табады. Сондықтан Интернеттің өзіндік оң(+) және өзіндік теріс(-) жақтары бар.
Ал, қаңтар айының соңғы жексенбі күні әлемде Халықаралық интернетсіз күні (International Internet-Free Day) атап өтіледі.
Бұл мерекенің басты мақсаты-адамдарды интернет-желіден бір күнге тек қана "шынайы" әлемде өмір сүруге толығымен алаңдату, бұл күні басқа адамдармен тек "тірі" қатынас жасау немесе оны өзіне ұнайтын хоббиіне (әрине, интернетпен байланысты емес) арнау.
Біздер таңның атысы мен кештің батуына қарамай жаңа заман техникасын игеруге талпына бермей, бір сәт өзіміздің сүйікті хоббиымызбен айналысып, өзімізге қажетті іс жасауымыз қажет.Алайда «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекші әрдайым кез келген нәрсенің өзімізге керегін алайық, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Осы акцияға байланысты мектебімізде келесі іс-шаралар жасалды:
21.01.20 5-сыныптар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
22.01.20 6-7 сыныптар эссе жазды; 9-10 сыныптар КВН ұйымдастырды.
23.01.20 5-6 сыныптар арасында «Мен OFFLINE (оффлайн)» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
24.01.20 8-сыныптар қабырға газеттерін ілді.
Білімді ұрпақ ел болашағы - демекші қарыштап дамып келе жатқан техникалық заманда, білімді ұрпақ интернеттен өзіне қажет мәліметтерді тиімді пайдаланып, Қазақстанға өзіндік үлесін қосады деп сенемін. Сондықтан интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалану өз қолымызда.
Еріктілер жылы
Prezıdentіmіz Qasym-Jomart Toqaev óz joldaýynda aıtqandaı 2020-jyl "Erіktіler jyly" dep jarııalandy. Álem halqynyń 970 mıllıony volonter bolsa, onyń іshіnde árbіr segіzіnshі qazaqstandyq erіktіler qataryn tolyqtyrýda. Bul degen erіktіlerdіń sany artyp kele jatqandyǵynyń dálelі.
⠀ Osyǵan sáıkes mektebіmіzdegі "Jas Ulan" uıymynyń belsendіlerі qala turǵyndarynan bіrqatar suraqtar qoıý arqyly saýalnama júrgіzіp kórdі. Tolyǵyraq beınematerıaldan kóresіzder.
_______________________________________
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтқандай 2020-жыл "Еріктілер жылы" деп жарияланды. Әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда. Бұл деген еріктілердің саны артып келе жатқандығының дәлелі.⠀
Осыған сәйкес мектебіміздегі "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері қала тұрғындарынан бірқатар сұрақтар қою арқылы сауалнама жүргізіп көрді. Толығырақ бейнематериалдан көресіздер.
"Еріктілер Smile" клубы
Ózderіńіz bіletіndeı Prezıdent Qasym-Jomart Toqaev 2020-jyldy "Erіktіler jyly" dep jarııalady. Bul oraıda erіktіler qozǵalysynyń jańa kezeńge túskenі jaıly aıta ketken jón. Sondaı-aq memleket basshysy óz joldaýynda azamattyq qoǵamdy nyǵaıtýda erіktіlerdіń orny erekshe ekenіn atap óttі. Gımnazııalyq oqýshylarymyz erіktіler jylynda qoǵamǵa paıdaly bolýdyń kózіn іzdep, bіlek sybanǵan tárіzdі.
⠀ Iaǵnı, "Erіktіler Smile" degen ataýmen klýb qurylyp, zeınetkerler men qoldaýǵa muqtaj adamdardyń úılerіne baryp qol úshіn berdі.
____________________________________
Өздеріңіз білетіндей Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. Бұл орайда еріктілер қозғалысының жаңа кезеңге түскені жайлы айта кеткен жөн. Сондай-ақ мемлекет басшысы өз жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. Гимназиялық оқушыларымыз еріктілер жылында қоғамға пайдалы болудың көзін іздеп, білек сыбанған тәрізді.
⠀ Яғни, "Еріктілер Smile" деген атаумен клуб құрылып, зейнеткерлер мен қолдауға мұқтаж адамдардың үйлеріне барып қол үшін берді.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы
Халқымыздың дана ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Абайдың қара сөздерін жастарға насихаттау мақсатында оқу жылының соңына дейін әр сәрсенбі күндері мектеп ұжымы және оқушылар арасында Абай атамыздың қара сөздерін талқылайтын боламыз. Келемін деушілерге есігіміз ашық.
"ERTIS" мультимедиялық музейі
Jýyrda ǵana qalamyzda jańadan ashylǵan "ERTIS" mýltımedııalyq mýzeıіne gımnazııamyzdyn oqýshylary baryp qaıtty. Zamanaýı tehnologııalardy úılestіrgen bul oryn, óz kórermenderіn qyzyqtyrmaı qoımasy sózsіz. Bіzdіń zamanymyzǵa deıіngі dáýіrge saıahat jasaǵandaı sezіm keshken oqýshylarymyzdyń alǵan áserlerі erekshe.
____________________________________
Жуырда ғана қаламызда жаңадан ашылған "ERTIS" мультимедиялық музейіне гимназиямыздын оқушылары барып қайтты. Заманауи технологияларды үйлестірген бұл орын, өз көрермендерін қызықтырмай қоймасы сөзсіз. Біздің заманымызға дейінгі дәуірге саяхат жасағандай сезім кешкен оқушыларымыздың алған әсерлері ерекше.
"Қазақ ақындары туған тілімізді жырлайды" атты әдеби-музыкалық кеш
Altyn uıamyzda qazaq tіlіnіń memlekettіk tіl mártebesіne ıe bolǵanyna 30 jyl tolýyna oraı "Qazaq aqyndary týǵan tіlіmіzdі jyrdaıdy" atty ádebı-mýzykalyq kesh uıymdastyryldy. Ádebı keshke mektep oqýshylary men qatar ustazdar da qatysty. Sondaı-aq arnaıy shaqyrylǵan syıly qonaqtarymyzda keldі.
⠀ Kesh barysynda poezııa janryndaǵy óleńder oqylyp, patrıottyq ánder shyrqaldy. Kesh sońynda qatysýshlarǵa "Aqsaqaldar taǵylymy" qoǵamdyq bіrlestіgіnіńbіrlestіgіnіń atynan alǵys hattar tabystaldy.
__________________________________
Алтын ұямызда қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30 жыл толуына орай "Қазақ ақындары туған тілімізді жырлайды" атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Әдеби кешке мектеп оқушылары мен қатар ұстаздар да қатысты. Сондай-ақ арнайы шақырылған сыйлы қонақтарымызда келді.
⠀ Кеш барысында поэзия жанрындағы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Кеш соңында қатысушларға "Ақсақалдар тағылымы" қоғамдық бірлестігінің атынан алғыс хаттар табысталды.
"Ashyq MIC" жобасы
2020 jylǵy 10 qańtar kúnі gımnazııamyzdaǵy "Ashyq MIC" jobasynyń 3 maýsymynyń alǵashqy sany kórermenge qaıta jol tartty. Bul joly bіzde qonaqta mektebіmіzdіń 2013-jylǵy túlegі stsenarıst, jaıdarmanshy, Irına Kaıratovna sketch shoýynyń beldі múshesі Aldııar Japarhanov boldy.
⠀ Aldııarmen júrgіzgen suhbat barysynda onyń shyǵarmashylyǵy men mektep qabyrǵasynda oqyp júrgende jetken jetіstіkterі tіlge tıek etіlіp, basynan keshken qyzyq oqıǵalary keńіnen tarqatylyp aıtyldy.
___________________________________
2020 жылғы 10 қаңтар күні гимназиямыздағы "Ashyq MIC" жобасының 3 маусымының алғашқы саны көрерменге қайта жол тартты. Бұл жолы бізде қонақта мектебіміздің 2013-жылғы түлегі сценарист, жайдарманшы, Ирина Кайратовна скетч шоуының белді мүшесі Алдияр Жапарханов болды.
⠀ Алдиярмен жүргізген сұхбат барысында оның шығармашылығы мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде жеткен жетістіктері тілге тиек етіліп, басынан кешкен қызық оқиғалары кеңінен тарқатылып айтылды.
58 облыстық пән олимпиадасы
2020 жылғы қаңтар айының 5-6 күндері аралығында Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 58 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Дәстүрге айналған білім бәсекесіне гимназия дарындылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтиже төмендегідей:
⠀
1-орын
⠀
Жомарт Ақтоты (11-сынып) Қазақ тілі (Окпина Б.М) Шамшиден Жібек (10-сынып) Қазақ тілі (Ахметова Г.К) Сансызбай Сания (10-сынып) Тарих (Мұхтар Д.Б) Жандырбай Арайлым (9-сынып) Тарих (Сарсенов Т.М) Кудиярова Амина (9-сынып) Орыс тілі (Бекенова К.К)
⠀
2-орын
⠀
Мұхаметқан Әдия (11-сынып) Құқық (Мұхтар Д.Б) Ерғали Назерке (10-сынып) Қазақ тілі (Касыбаева М.Б) Сағындық Балжан (9-сынып) Қазақ тіл (Мұхаметжанова Р.Ж) Темірболат Үміт (9-сынып Құқық (Кәрімжан Ж.Т) Қалиасқар Дәнекер (9-сынып) Тарих (Сарсенов Т.М) Сағындық Еділ (9-сынып) Ағылшын (Искакова Д.С) Темірболат Аружан (9-сынып) Құқық (Мұхтар Д.Б)
⠀
3-орын
⠀
Олжатай Нұрсая (9-сынып) Орыс тілі (Саденова О.Б) Уразбаева Елдина (10-сынып) Орыс тілі (Бекенова К.К)
Мүлік Камила (10-сынып) Құқық (Кәрімжан Ж.Т) Жанат Арай (9-сынып) Тарих (Сарсенов Т.М) Болат Диас (10-сынып) Математика (Абитаева Г.Х) Тлектес Абай (11-сынып) Ағылшын (Жангабулова Ж.Е) Бейсенбай Жалғас (9-сынып) Ағылшын (Искакова Д.С) Калиев Дәулет (9-сынып) География (Касамбаева А.Л)
