Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы
Халқымыздың дана ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Абайдың қара сөздерін жастарға насихаттау мақсатында оқу жылының соңына дейін әр сәрсенбі күндері мектеп ұжымы және оқушылар арасында Абай атамыздың қара сөздерін талқылайтын боламыз. Келемін деушілерге есігіміз ашық.
