4 тоқсан
Еліміз бойынша 6 сәуір күні басталған қашықтан оқыту жалғасуда. 4 тоқсанда оқушылар бір БЖБ мен бір ТЖБ тапсыратын болады. Сондай-ақ қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді, аттестатқа жылдық қорытынды бағалар қойылады.
Адалдық-адамдық белгісі
"Адалдық-адамдық белгісі"-деген сөздің астарында көп мағынаның бары айқын. Адам бойында парасаттылық пен ақылдылық басым болса, рухани болмысы да соған қарай бекімек. Осы орайда 10"б"-сынып оқушылары адалдық деген ұғымның өрісін кеңейтіп, арнайы дайындаған бейнежазбаларын оқырмандарымызға жолдауда.
Үйден шықпаңыз
Қымбатты оқушылар!
Міне, 4-тоқсанның алғашқы аптасы да аяқталды. Ұстаздарыңызбен қашықтықта жұмыс жасау арқылы үлкен тәжірибе жинаудасыздар.
Қолжетімді бағдарламаларды пайдалану арқылы да өздігінен білім алуға бейімделудесіздер. Әрине мұндай тәжірибе келешекте үлкен пайдасын тигізбек.
Қашықтықтан оқыту - бұл білім беру жүйесінің жаңа беталысы болмақ.
Яғни, сіздер өздігінен жұмыс жасау арқылы білімдеріңізге анализ жасап, еңбек ету дағдысын қалыптастырудасыздар.
Цифрлық құзыреттіліктеріңіз артып, тағы бір жаңа белеске қадам бастыңыздар.
Қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді.
Қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді.
Биыл 9, 11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайтын болды. Аттестатқа олардың жылдық қорытынды бағалары түседі.
ҰБТ өткізу мерзімі өзгеріссіз қалды. Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында ҰБТ-ға дайындық сынама тесттерін тегін тапсыруға болады. Әр пән бойынша 70 нұсқа ұсынылған.
Балаларға арналған әдеби кітаптар тізімі
Кітап оқуда ерекше жетістікке жеткендер:
- М.Горький минутына 4000 сөз оқыған.
- Француз жазушысы Оноре де Бальзак жарты сағатта 200 беттік романды оқып бітіретін болған.
- Наполеон минутына 2000 сөз оқыған.
- Томас Эдисон бір мезетте кітапты 2-3 қатардан оқыған
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні.
Салауатты өмір салтын сақтау арқылы біз өз денсаулығымызды нығайтып, күш-жігеріміздің мықты болуына жұмыс жасаймыз. Себебі денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Гимназиялық оқушыларымыз да денсаулықтың адам өміріндегі атқарар рөлі зор екенін біледі.
Үй жағдайында білім алып жатқан жас өрендеріміз шығармашылыққа бір сәт көңіл бөліп денсаулық күніне салған суреттерімен бөлісіп жатыр.
Білім биігін бірге бағындырайық
Елімізде барлық мектептер төртінші тоқсанды бастап, қашықтықтан білім алу жүйесіне кірісіп кетті. ҚР Білім және ғылым министрлігі тиімді шараларды іске асырып, оқушыларымыздың білім алуына, ұстаздарымыздың жұмыстарын әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасауда. Оқушылар "Балапан және Ел Арна" телеарналарынан көрсетілетін бейнесабақтарды қарап, интернет платформалар арқылы ұстаздарымен кері байланыс орнатуда. Осындай сын сағатта біздер үшін ата-аналарымыздың да қолдауы аса маңызды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші білім биігін бірге бағындырайық.
Мектеп ауласын дезинфекциялау
Әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген коронавирус, көптеген елдерге тарап та кетті. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демекші аталмыш дерттің алдын алу мақсатында мектеп ауласына түгелдей дезинфекция жасалды.
Online-режиміндегі ата-аналар жиналысы
Бүгін сынып тәрбиешілері күн тәртібінде белгіленген тақырыптар аясында мектеп ата-аналарымен ата-аналар жиналысын online-режимінде өткізді. Мақсаты короновирустық инфекция пандемиясы кезеңінде әр мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттандыру. Сондай-ақ ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелер баяндалып, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айтылды.
⠀ Қашықтықтан оқыту бойынша ата-аналарға арналған ұсынымдар таныстырылды. Мәселен, (мұғалім ұсынған форматтағы қашықтықтан оқытуға баланы уақытылы қосу, мұғаліммен байланысуын, кері байланыс алуы, баланың оқу материалдарын өз бетімен оқуды және тапсырмаларды орындауын қадағалау т.б.)
Сынама сабақтар
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, сынама сабақтар пандемия кезінде қашықтан білім алуға дайындығын тексеру мақсатында өтті. Осыған байланысты мұғалімдер тарапынан оқушылардың жүйеге қосылуы балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыру мәселесі айтылды. Балаларға тиісті ақпараттар жеткізіліп, қашықтан оқу туралы қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
