Жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты
Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында "Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?" тақырыбында мектебіміздің оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды.
⠀
Сынып сағаты барысында келесі сұрақтар түсіндірілді:
⠀
- Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;
- Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу;
- Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
- Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.
"Отбасы - өмір құндылығы" тақырыбында online жиналыс
2020 жылдың 20 тамыз күні 5-11 сынып ата-аналарымен "Отбасы - өмір құндылығы" тақырыбында online жиналыс өткізілді.
⠀
Жиналыста өзекті мәселелердің бірі болып, жаңа оқу жылында оқушылардың оқу жылына деген дайындықтары туралы сөз болды.
⠀
Білім беру ресурсы ретінде altynsarin-gymnasium Ютуб - каналына жүктелген сабақтар туралы ата-аналар таныстырылды.
⠀
Сонымен қатар қосымша "Bilimland" онлайн-мектебі интернет платформаларымен оқу процесі өтетіні айтылды.
Біз біргеміз! «Алғыс пакеттерін» тарату акциясы
Коронавирусқа қарсы дәрігерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Алғыс пакеттерін» тарату акциясына мектеп директоры бастаған ұжым да атсалысып №3 Павлодар қалалық ауруханасының дәрігерлеріне қолдау көрсетті.
ҰБТ-ға кіретін тұлектерге 5 кеңесіміз бар
Гимназиямыздың жаңа логотипі
Құрметті Достар!⠀
Сіздердің назарларыңызға гимназиямыздың жаңа логотипін ұсынамыз. Өздеріңіз білетіндей біз барлық мектептерді логотиптері арқылы танып біліп жатамыз. Енді сіздер де Алтынсариндықтарды дәл осылай танымақсыздар. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогінің атына берілген, 60 жылға жуық тарихы бар оқу ордамыздың жаңа логотипі көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз.
Бүгін - тіркелу үшін соңғы күн
"El Umiti" жалпыұлттық бастамасы
2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша "El Umiti" жалпыұлттық бастамасын ұсынды. Жаңа бастама аясында Тұңғыш Президент Қоры Қазақстан үшін бірегей бірнеше жобаны іске қосты.
*Қосымша ақпарат алу үшін 7170 сall-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 3 күрделі жұмысқа 75 471 000 миллион теңге бөлінген.
⠀
Сондай-ақ 89 015 000 миллион теңгеге мектеп іші, интернат және оқу кабинеттері ағымдағы жөндеуден өтуде.
⠀
Аталған жұмыстар облыс әкімінің қолдауымен жүріп жатыр.
⠀
Оқу кабинеттері open space форматына ауысады.
Гимназия -интернат жаңа үлгідегі модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын болады.
⠀
Жұмыстар тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Жарқын болашақ жолында білім шыңын бірге бағындырамыз.
