Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты

Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында "Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?" тақырыбында мектебіміздің оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды.
⠀
Сынып сағаты барысында келесі сұрақтар түсіндірілді:
⠀
- Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;
- Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу;
- Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
- Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.