Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Біздің YouTube-каналымыз

Қымбатты оқушылар және ата-аналар!
⠀Қазіргі уақытта ақпараттық технология қарқынды дамып келеді. Әсіресе білім беруде кеңінен қолданылады.
⠀Біздің YouTube-каналымызға қыркүйек айынан бері көптеген бейне-сабақтар материалдары жүктелуде.
⠀Бұл қашықтан оқыту процесінде білім алушыларға өте тиімді.
⠀Altynsarin Gymnasium каналына тіркеліп, қалаған пәніңіз бойынша бейне-сабақтарды қарап (лүпіл) басып бөлісуді ұмытпаңыздар.

Толығырақ

“Күз сыйы” көрмесі

Жас Ұландықтар үйлерін жемістер мен көкөністерден жасалған мүсіндерге толтырды.
Олар жемістердің сан алуан түрлерінен көз тартатын әдемі дүниелер жасаған.
Эстетикалық әсер мен табиғи материалдарды керемет өнер шығармасына айналдырған оқушыларымыздың шеберліктеріне тәнтіміз.
“Күз сыйы” көрмесіне белсене қатысып, қол өнер дайындағаны үшін ата – аналарымызға да алғыс айтамыз.

Толығырақ

10 қазан - Дүниежүзілік психологиялық денсаулық сақтау" күні

"10 қазан - Дүниежүзілік психологиялық денсаулық сақтау" күніне орай мектеп оқушыларымен "Психологиялық денсаулықты қалай сақтау керек?" атты психологиялық тренинг өткізілді.
⠀
Оқушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсінуге, өз бойындағы жағымды қасиеттерін білу, психикалық денсаулықты сақтауға бағытталған ұсынымдар айтылды.
⠀
Сонымен қатар "Көңіл-күй көтеріңкі болуы үшін не істеу керек?" туралы ұсыныстар берілді.

Толығырақ

Ұстаздарымызға мерекелік сый

Ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназиямыздың мұғалімдері Қарағанды қаласында қонақта болып қайтты.
⠀
"Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатына табан тіреген ұстаздарымызды ондағы әріптестеріміз құшақ жая қарсы алды. Қонақжайлықтың үлгісін көрсеткен мектеп директоры Өтебаев Нұрғазы Ғазизұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік дастархан жайды.
⠀
Кейін Нығымет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектепке бет алып, Нұрмақов мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты. Біз де өз тарапымыздан екі бірдей мектепке де естелік сыйлықтар тарту еттік.
⠀
Бұдан бөлек әріптестеріміз Қарағанды қаласында орналасқан "Карлаг" сынды тарихи кешенді аралады.
⠀
Аталмыш сапар барлық ұстаздарымызға үлкен мерекелік сый болды.

Толығырақ

TEDx конференциясы online форматта

Құрметті достар!
Алтын ұямызда TEDx конференциясы алғаш рет әлемдегі пандемиялық жағдайларға байланысты online форматта өтті.
Спикерлердің бейнежазбасын біздің YouTube каналымыз арқылы тамашалай аласыз.
Каналға жазылып, видеоларға лайк басуды ұмытпаңыз!

Толығырақ

Ұстаздар мерекесі

Қымбатты Ұстаздар! Кәсіби мерекелеріңізбен. Баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін.

Толығырақ

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.
⠀
Ықылым заманнан қазақ отбасында қарттардың алар орны ерекше. Қариясын қастерлеген елдің біріміз. Осындай айтулы мерекеде гимназиямыздың оқушылары жүрекжарды лебіздерін арнап, құттықтау тілектерін жеткізуде.
⠀
Бұл мереке - аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін айрықша күн.

Толығырақ

"Тілдер әлеміне саяхат" атты интеллектуалдық сайысы

Толығырақ

"Абай - адамзаттың ақылманы" атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы

Толығырақ