Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

VII республикалық “Тәуелсіздік Тұғырым” шығармашыл жастар өнер байқауы

“Жұлдыз” продюсерлік орталығы Қазақстан Республикасы ұлттық кітапханасы өткізген VII республикалық “Тәуелсіздік Тұғырым” шығармашыл жастар өнер байқауында Айгожина Жанерке жүлделі II орынды иеленді.
⠀
Байқауда “Вокал” номинациясы бойынша бағын сынаған қатысушымыз қазылар алқасының шешімімен жеңіс тұғырынан көрінді.
⠀
Сондай-ақ Жанеркенің жетекшісі Дауенова Асем Ныгметоллиновна өте жоғары кәсіби деңгейі үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды.
Толығырақ

Тікелей эфирде мектепті таныстыру

Тікелей эфирде мектепті таныстыру

Толығырақ

“Бабалар аманаты” атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық онлайн ақындар айтысы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Бабалар аманаты” атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық онлайн ақындар айтысында гимназиямыздың екі бірдей оқушысы жүлделі болды.
⠀
Атап айтсақ, Асығатұлы Шыңғыс пен Имантай Мағзұм жыр додасына қатысып, орамды ойлар айтып, қарсыластарыңа тұшымды жауап беріп қаржылай сыйлықты қанжығалады.
⠀
Айтыс қорытындысы бойынша:
⠀
Бас Жүлде Асығатұлы Шыңғыс
⠀
3-орын Имантай Мағзұм

Толығырақ

Дарынды балаларды қалай анықтау керек және олармен қалай жұмыс жасау керек?

23 желтоқсан күні “Дарынды балаларды қалай анықтау керек және олармен қалай жұмыс жасау керек?” деген сұрақтарға жауап алу үшін “Ертіс дарыны өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шаймұрат Азамат Боранбайұлымен онлайн-сұхбат өтеді.
⠀
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру жолындағы атқарылар бірқатар жұмыстар жайлы әңгіме өрбітеміз.

Толығырақ

Танымал түлекпен тікелей эфир

Танымал түлекпен тікелей эфир

Толығырақ

ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Қымбатты жерлестер!
⠀
Сіздерді ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
⠀
Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
⠀
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Толығырақ

Елім менің

Халқымыз үшін қасиетті де киелі мереке Тәуелсіздік күніне арналған Ардагелдіқызы Ақжанның орындауындағы “Елім менің” атты тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Толығырақ

Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар.
⠀
Бұл күн — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
⠀
Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.
⠀
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

Толығырақ

Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында гимназиямыздың 5-сынып оқушылары Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.
⠀
Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсіміне қатысқан мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп Жас Ұландықтарды оқуда озат болуға шақырды.
⠀
Ұйым қатарына жаңадан қабылданған оқушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, еңбекте адал болуға ант беріп, рәсім жасады.
⠀
Айта кетейік, аталған ұйым жасөспірім оқушыларды жоғары рухани адамгершілікке, өз елін, өз отанын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейді.

Толығырақ

“Тәуелсіздіктің жеті қыры” циклі аясында викторина

Бүгін мектеп оқушылары арасында “Тәуелсіздіктің жеті қыры” циклі аясында “Елдіктің бастауы” атты деректі фильмі бойынша онлайн викториналық сұрақтар сайысы өтті.

Толығырақ