ЖАЛПЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Бәрекелді!
⠀
«ЖАЛПЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»
⠀
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізіп келеді.
⠀
Конкурс 2021 жылдың 9 мен 12 ақпан аралығында онлайн форматта өткізілді.
⠀
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан ең үздік 567 жоба мен 750 дарынды оқушылар қатысты.
⠀
Білім бәйгесінде республикамыздың дарынды оқушыларының қатарынан көрініп, абыройымызды асқақтатқан Табулдинова Бибігүлді III дәрежелі дипломымен құттықтаймыз.
⠀
Ғылыми жетекшісі: Бекенова Қорлан Кабыкеновна. Жүлделі орын құтты болсын.
Кәсіби іс-сапар
Аптаның демалыс күндерін тиімді пайдаланған мектебіміздің ұстаздары «NURORDA мектеп-лицейі», «Республикалық физика-математикалық мектебі», «№73 мектеп-лицейі», Назарбаев орталығы базасындағы «Дамыту орталығына» кәсіби іс-сапармен барып қайтты.
⠀
“Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин” атты тәрбие сағаты
Ұлы ағартушы, Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орайластырылып гимназиямызда бірқатар игі шаралар бастау алуда. Солардың бірі 5-8 сынып оқушылары арасында өткен “Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин” атты тәрбие сағаты.
Білім және ғылым министрі мұғалімдер қауымымен кездесті
Бүгін Білім және ғылым министрі мұғалімдер қауымымен кездесті.
Кездесудің мақсаты - еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздардан білім саласына қатысты ойларын білу, ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелерді ортаға салу.
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегерлері
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегерлері.
“Ақберен” VII республикалық онлайн өнер байқауының жеңімпазы
Шығармашыл оқушылар арасында өткен “Ақберен” VII республикалық онлайн өнер байқауының “Ақындар айтысы” номинациясы бойынша жеңімпаз атанған 9-сынып оқушысы Сәулет Нұршапағатты құттықтаймыз!
“Заманауи мектеп” жобасы аясында
Бүгін өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов “Заманауи мектеп” жобасы аясында күрделі жөндеу жасалған гимназиямызға келіп, мектептің жаңарған келбетімен танысты.
⠀
Абай Құнанбайұлы атамызға арналған ескерткіш
Кеше ғана қаламыздың орталық алаңында хакім Абай Құнанбайұлы атамызға арналған ескерткіш бой көтеріп, Ертіс-Баян өңірінің рухани-мәдени келбетін айқындай түсті.
Гимназиямыздың күрделі жөндеу жұмысынан кейінгі келбеті
Гимназиямыздың күрделі жөндеу жұмысынан кейінгі келбетімен таныс болыңыздар.
Қарым-қатынас маманы Ержан Мырзабаевтың қатысуымен отбасылық психология мәселесіне қатысты тренинг
25 желтоқсан күні мектеп ата-аналарымен кәсіби отбасылық психолог Қарым-қатынас маманы Ержан Мырзабаевтың қатысуымен отбасылық психология мәселесіне қатысты тренинг өтеді.
⠀
Тренинг-тимбилдинг форматында ұйымдастырылатын шарада отбасылық құндылықтар, ұрпақтар қарым-қатынасы, түсіністік мәселелері туралы, т.б. өздеріңізді толғандырып жүрген сауалдарға тікелей жауап алуға мүмкіндік бар.
