Кәсіби іс-сапар
Аптаның демалыс күндерін тиімді пайдаланған мектебіміздің ұстаздары «NURORDA мектеп-лицейі», «Республикалық физика-математикалық мектебі», «№73 мектеп-лицейі», Назарбаев орталығы базасындағы «Дамыту орталығына» кәсіби іс-сапармен барып қайтты.
⠀
Бағдарлы білім жолына жетелейтін ұстаздарымыз Елордамыздағы білім ордаларының жұмысымен танысып, сапалы білім берудегі оқыту технологиясы мен әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы кәсіби тәжірибе алмасты.
⠀
Әріптестерімізге қонақжайлық танытқан мектеп ұжымы арнайы ғылыми лабораторияларында экскурсия өткізіп, ондағы заманауи құрылғылармен таныстырды. Экскурсовод мамандарға түрлі сауалдар қойған ұстаздарымыз толыққанда жауап алып алғыстарын білдірді.
⠀
Сондай-ақ аталған білім ордалары мерекелік дастархан жайып, әріптестерімізге шынайы ықылас пен ерекше ілтипат танытты.
⠀
Республикалық білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастық орнатып, оқушыларымызды білім көкжиегіне жеткізіп, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында бар күш-жігерімізді салудамыз.
