Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

тазалық акциясы

24 сәуір күні мектеп ауласын тазалау және көгалдандыру бойынша тазалық акциясы өтетіні туралы хабарлаймыз.

Толығырақ

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын

Толығырақ

ToU грант иегері - Обладательница гранта ToU

Облыстық пәндер олимпиадасының жеңімпазы /Қазақстан тарихы/, мектебіміздің 11-сынып оқушысы Сансызбай Сания Торайғыров университетінің білім грантын иеленді.

Толығырақ

Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаевтың құрметіне арналған кабинеттің және «Тұлға. Тарих. Тағылым.» атты естелік кітаптың тұсаукесері

Кеше мектебімізде саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, өмір жолы өнегеге толы, ҚР еңбек сіңірген ұстаз, Павлодар облысының құрметті азаматы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің иегері Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаевтың құрметіне арналған кабинеттің және «Тұлға. Тарих. Тағылым.» атты естелік кітаптың тұсаукесері өтті.

Толығырақ

VIII Аймақтық жас математиктер турнирі

2021 жылғы 15 наурыз күні өткізілген VIII Аймақтық жас математиктер турнирінде гимназиямыздың 7-сынып оқушысы Болатов Ильяс, "Функция" командасы құрамында қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Толығырақ

«Ең әдемі киім - ұлттық киім» атты үндеу

Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында «jebe» қоғамдық бірлестігі «Ең әдемі киім - ұлттық киім» атты үндеу жариялаған болатын.
⠀
«JEBE» қоғамдық бірлестігінің жариялаған үндеуі  өңір жұртшылығын наурыздың 1-нен 31-не дейін күнделікті көйлек, жейде, костюмдерін  ұлттық нақышы бар киімге алмастыруға шақырды.
⠀
Біз де өз тарапымыздан үндеуге үн қосып гимназия ұжымы мен оқушылары күнделікті киім орынына қазақы шапан киіп жебеліктердің қазақы болмысымызды қайтаруға  деген құлшынысын қолдадық.

Толығырақ

Амал көрісу күні

Бүгін 14 наурыз - Амал көрісу күні. Өкпе, ренішті ұмытып, төс түйістіріп, қол алысып көрісетін күн.
⠀
Мейірім мен махаббат, құрмет пен абырой, игілік пен биіктік, байлық пен қанағат тілейміз.

Толығырақ

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», демекші гимназиямыздың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ұлағатты ой иесі Саденова Орынтай Батбековна жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және білім саласындағы көп жылғы еңбегі үшін Білім және ғылым министрінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
⠀
Айта кетелік, ілім мен ізгілікті алға қоятын Орынтай Батбековнаның өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі еңбегі орасан зор. Оқушылары білім биігінен көрініп, облыстық және республикалық олимпиадаларда жыл сайын жүлделі орындарды қанжығалап жеңімпаз атанып келеді.
⠀
Бүгінде талмай еңбек ету мен тынбай ізденудің арқасында көпке үлгі болып, тәжірибесімен бөлісуде.

Толығырақ

8 наурыз Халықаралық аналар мерекесі

Толығырақ