2020-2021 оқу жылына арналған оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
2020-2021 оқу жылына арналған оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
“Бір ел - бір отбасы” қашықтық байқауының жеңімпаздары Асығатұлы Шыңғыс пен Тұрғанбек Асығат
“Бір ел - бір отбасы” қашықтық байқауының жеңімпаздары Асығатұлы Шыңғыс пен Тұрғанбек Асығат
“Мәшhүр-Жүсіп оқулары” облыстық байқауы
Бәрекелді!
⠀
“Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен, “Мәшhүр-Жүсіп оқулары” облыстық байқауында гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Дауренбекұлы Рамазан бас жүлдені қанжығасына байлады.
⠀
“Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...” (ақындар мүшәйрасы) бағытында өнер көрсеткен оқушымыздың Мәшhүр ақынға арнаған арнауын қазылар алқасы үздік деп таныды.
⠀
Айта кетелік, аталмыш байқаудың Республикалық кезеңінде облыс намысын, Дауренбекұлы Рамазан қорғайтын болады. Сәттілік серігі болсын деп тілек айтамыз.
⠀
Жетекшісі: Қайрат Айсана Қайратқызы
Жас журналистердің “Бір ел - бір отбасы” қашықтық байқауы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жас журналистердің “Бір ел - бір отбасы” қашықтық байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға 17 сынып, әр сыныптан бір оқушы және ата-ана қатысты. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Мектебіміздің танымал түлегі Зейнуллин Жамбылмен тікелей эфир
Мектебіміздің танымал түлегі Зейнуллин Жамбылмен тікелей эфир
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орайластырылып 5-11 сыныптар аралығында “Тәуелсіздік және тұңғыш Президент” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
⠀
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, тәрбиелеуге бағытталған сынып сағатынан оқушыларымыздың ойға түйері көп болды.
Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі
2020 жылғы 23 қарашада Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орайластырылған «Жалпыадамзаттық құндылықтар -бақытты өмір негізі» тақырыбында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаты өткізілді. Өзін-өзі тану сағатының ерекшелігі - өзіңді және қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретін өмірдің түрлі салаларындағы білімдер оқушыларға «бақыт», «бақытты өмір», «өмірдік күші» ұғымдарының шынайы мән-мағынасын ұғынуға көмектесуі болды.
Жалпыреспубликалық сабақта «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары мен мазмұнына сүйене отырып, «бақытты өмір» ұғымының мәні ашылды.Оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтарды талқылау үдерісіне белсенді қатысып, өздерінің өмірлерінен нақты мысалдар келтірді.
Болашаққа бастар жол
Бүгін 6-8 сынып оқушыларымен бірге "Болашаққа бастар жол" деректі фильмі қаралды.
"Home life hacks ideas" атты сайысы
5 - 14 қараша аралығында "Home life hacks ideas" атты сайысы өтуде.
Мақсаты: Жаратылыстану пәндерінен алған теориялық ақпараттарын пайдалана отырып, үй жағдайында тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.
“Tales Wonderland”, “Spelling Bee” & “English Speech” марафоны
Қараша айының 5-11 күндері аралығында ағылшын тілі пәнінен гимназия оқушыларына қызықты іс - шаралар өткізілді.
5-6 сыныптары үшін Telegram каналы арқылы “Tales Wonderland” оқушыларға арналған ағылшын тіліндегі ертегілер марафоны өткізілді. Күнделікті әр түрлі қызықты ертегілер мен тапсырмалар оқушылардың көңілдерінен шықты.
⠀
Ал 7-8 сынып оқушыларына Telegram каналында көркем фильмдер ұсынылды. Қазіргі заманғы фильмдер ағылшын тілінде өз көрермендерін тапты.
9-10 оқушыларына “Spelling Bee” & “English Speech” марафоны өтті.
⠀
Оқушылардың жетістіктерін шағын видеода көре аласыздар! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
