Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ауен» вокал студиясы “Ертіс таңы” бағдарламасында

"Досым” әніне cover (видео) түсіріп елді елең еткізген мектебіміздің «Ауен» вокал студиясы “Ертіс таңы” бағдарламасында қонақта болды.
⠀

Толығырақ

“Шахмат стратегиясы” тақырыбында онлайн кездесу

Мектеп оқушыларымен танымал шахматшы Халықаралық дәрежедегі арбитр Габдушев Арман Амангельдиновичпен “Шахмат стратегиясы” тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
⠀
Кездесуде жастарға жеңіске жетудің сырлары, жасөспірімдерді шахматқа баулу төңірегінде ой қозғалды.
⠀
Сондай-ақ өмір жолы мен спорттағы табыстары туралы кеңірек әңгімелеп, жаттықтырушы тарапынан шахмат үйірмесіне қатысып жүрген оқушыларымызға шахмат ойынының стратегиялары жайлы түсінік берілді.

Толығырақ

“Бес асық” ұлттық ойындары бойынша Павлодар облысының online-турнирінің қорытындысы.

“Бес асық” ұлттық ойындары бойынша Павлодар облысының online-турнирінің қорытындысы.
⠀
 5-6 сыныптар арасында Жами Алима
⠀
 7-8 сыныптар арасында Бекет Фатима
⠀
Жетекшісі: Бораналин Қ.Қ.

Толығырақ

Халықаралық Әл-Фараби атындағы олимпиада

Республикалық"Дарын" орталығы өткізген Халықаралық Әл-Фараби атындағы олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз.
⠀
Мукарам Еркін (биология)
⠀
Қаббар Ақдаулет (математика)
Қалиев Даулет (география)
Жаманбаева Динара (математика
⠀
Татиева Адия (география)
Бейсенбай Жалғас (математика)

Толығырақ

Гимназиямызға су жаңа 20 IPad планшеттері мен iMac компьютерлері келді.

Бәрекелді!


Қымбатты достар, сіздермен бөлісер жақсы жаңалығымыз бар.
⠀
Техникалық базамыз жаңарып, компьютерлік кабинеттеріміз соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталуда.
⠀
Гимназиямызға су жаңа 20 IPad планшеттері мен iMac компьютерлері келді.
⠀
Бұл жаңа компьютерлердің ерекшелігі жұмысының жылдамдығы, дизайнының көркемдігі әрі пайдаланылуының қарапайымдылығы.
⠀
Бұдан былай презентация, бейне-фильм, музыкалық оранжировка, графикалық дизайн, интерактивті кітап, 3D графика сияқты қосымша программалар арқылы кез-келген шығармашылық жұмыстарыңызды жеңілдетіп атқара аласыздар.
⠀
Толық видеоны тамашалау үшін AlTYNSARIN-GYMNASIUM Ютуб-каналына өтіңіздер.

 

Толығырақ

“Күзгі кросс” жеңіл атлетикалық жүгірісі

Қазан айының 24 күні Усолка шағын ауданының “Ертіс” шаңғы базасында “Күзгі кросс” жеңіл атлетикалық жүгірісі өткізілді.
⠀
Таза күзгі ауадағы кроссқа мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Қатысушылар дене тәрбие жаттығуларын жасап, ұзақ қашықтыққа жүгірді.
⠀
Іс-шара барлық балаларды жақсы көңіл-күймен, күш-қуатпен және сергектікпен қуаттады.

 

Толығырақ

"Ы.Алтынсарин-ұлтының ұлы ұстазы" тақырыбында тәрбие сағаты

Толығырақ

«Шырағын жаққан білімнің» атты дәстүрлі мектепішілік Ыбырай оқулары сайысы

Қазақ әдебиеті тарихында «Дәуірдің дара ұстазы» атанған  халық  ағарту ісінің үздігі Ы. Алтынсариннің шығармашылығына арналған
«Шырағын жаққан білімнің» атты  дәстүрлі мектепішілік Ыбырай оқулары сайысы өз мәресіне жетті.
⠀
Сайысқа қатысушылар төмендегідей 3 тапсырма бойынша сынға түсті:
⠀
1. «Поэзия әлемі» Ы. Алтынсариннің бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу.
⠀
2. «Көркем сөздің шебері» Прозалық шығармасын жатқа оқу.
⠀
3.  Ақындық өнер  (Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын, ұстаздық қызметін, еңбек жолын оқып  арнау шығару )
⠀
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлде 7”ә”-сынып оқушысы Асқарова Фатимаға бұйырды.

Толығырақ

Футбол ойынынан жолдастық кездесу

Гимназиямыздың ер мұғалімдері арасында футбол ойынынан жолдастық кездесу өтті.
⠀
Көгал төселген жаңа футбол алаңындағы ойын тартысқа толы болды.
⠀
Жасыл алаң заманауи кейіпке оранып, су жаңа жарық шамдары орнатылды.
⠀
Біздің оқушыларымыз үшін де аталған футбол алаңы дене шынықтырумен сапалы түрде айналысуға тиімді әрі қолайлы.

Толығырақ