«Шырағын жаққан білімнің» атты дәстүрлі мектепішілік Ыбырай оқулары сайысы
Қазақ әдебиеті тарихында «Дәуірдің дара ұстазы» атанған халық ағарту ісінің үздігі Ы. Алтынсариннің шығармашылығына арналған
«Шырағын жаққан білімнің» атты дәстүрлі мектепішілік Ыбырай оқулары сайысы өз мәресіне жетті.
⠀
Сайысқа қатысушылар төмендегідей 3 тапсырма бойынша сынға түсті:
⠀
1. «Поэзия әлемі» Ы. Алтынсариннің бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу.
⠀
2. «Көркем сөздің шебері» Прозалық шығармасын жатқа оқу.
⠀
3. Ақындық өнер (Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын, ұстаздық қызметін, еңбек жолын оқып арнау шығару )
⠀
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлде 7”ә”-сынып оқушысы Асқарова Фатимаға бұйырды.