Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі
2020 жылғы 23 қарашада Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орайластырылған «Жалпыадамзаттық құндылықтар -бақытты өмір негізі» тақырыбында жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаты өткізілді. Өзін-өзі тану сағатының ерекшелігі - өзіңді және қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретін өмірдің түрлі салаларындағы білімдер оқушыларға «бақыт», «бақытты өмір», «өмірдік күші» ұғымдарының шынайы мән-мағынасын ұғынуға көмектесуі болды.
Жалпыреспубликалық сабақта «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының қағидалары мен мазмұнына сүйене отырып, «бақытты өмір» ұғымының мәні ашылды.Оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтарды талқылау үдерісіне белсенді қатысып, өздерінің өмірлерінен нақты мысалдар келтірді.



