Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаевтың құрметіне арналған кабинеттің және «Тұлға. Тарих. Тағылым.» атты естелік кітаптың тұсаукесері

Кеше мектебімізде саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, өмір жолы өнегеге толы, ҚР еңбек сіңірген ұстаз, Павлодар облысының құрметті азаматы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің иегері Мақажан Несіпбайұлы Жылқыбаевтың құрметіне арналған кабинеттің және «Тұлға. Тарих. Тағылым.» атты естелік кітаптың тұсаукесері өтті.

Ұстазды ұлықтауға арналған “Ұстаз - ұлы есім” атты іс-шарамызға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы қатысып, ұстаздықтың үлгісін көрсеткен Мақажан Несіпбайұлының өмір жолы мен білім саласына сіңірген еңбегін айтып құттықтау сөзін білдірді.

Сондай-ақ жиынға облысымыздың ЖОО белгілі ғалымдары мен сыйлас достары, туыстары, үзеңгілес әріптестері мен шәкірттері қатысып, естелікке толы ыстық лебіздерін жеткізді.

Видео