Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», демекші гимназиямыздың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ұлағатты ой иесі Саденова Орынтай Батбековна жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және білім саласындағы көп жылғы еңбегі үшін Білім және ғылым министрінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетелік, ілім мен ізгілікті алға қоятын Орынтай Батбековнаның өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі еңбегі орасан зор. Оқушылары білім биігінен көрініп, облыстық және республикалық олимпиадаларда жыл сайын жүлделі орындарды қанжығалап жеңімпаз атанып келеді.

Бүгінде талмай еңбек ету мен тынбай ізденудің арқасында көпке үлгі болып, тәжірибесімен бөлісуде.