Білім және ғылым министрі мұғалімдер қауымымен кездесті
Бүгін Білім және ғылым министрі мұғалімдер қауымымен кездесті.
Кездесудің мақсаты - еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздардан білім саласына қатысты ойларын білу, ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелерді ортаға салу.
Кездесу барысында ұстаздар мұғалім құқығы, міндеттері, мамандыққа деген адалдық, қоғамның мұғалім жайлы ойы, “Алтын белгі”, ҰБТ, қашықтықтан оқытудың білім сапасына әсері, мектепті басқару менеджментін оңтайландыру, оқулық сапасы, әдістемелік көмекті күшейту, “Үздік ұстаз” байқауы, ауыл мектебінің жағдайы, мұғалімдердің аттестациясы, тәуелсіз бағалау институттары, педагогика мен психология ғылымын дамыту, т.б. көкейде жүрген барлық мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.
Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы барлық көтерілген мәселерге жетік және егжей-тегжейлі жауап берді.
Мұғалімдіктен министрлікке дейінгі өзінен өткен тәжірибені мысалға ала отырып, білім саласындағы енгізілген өзгерістер мен атқарылып жатқан істерді нақты дәлелдермен жеткізді.
Сонымен қатар, алдағы жоспарлармен де бөлісті. Кездесу сенімді, еркін түрде өтті. Мұғалімдердің бұл Төралқасын өткізуді дәстүрге айналдыратынын айтты.
Жиынға қатыса отырып, еліміздің белді ұстаздарымен танысып, олармен пікіралмаса отырып, түйген ойым: болашақ ұрпағымыздың қамы үшін, әрбір ұстаз мұғалім мәртебесіне лайық нақты істерге көшу қажеттігі. Пайда іздемей, елімізге пайдалы болып, ұстаздықтан “Бренд” жасап, Білім туын жоғары көтеріп, саналы ұрпақ қалыптастыру тек біздің қолымызда.
Ендеше, Әріптестер, АЛҒА, САМҒА, ТАЛМА
