“Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин” атты тәрбие сағаты
Ұлы ағартушы, Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орайластырылып гимназиямызда бірқатар игі шаралар бастау алуда. Солардың бірі 5-8 сынып оқушылары арасында өткен “Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин” атты тәрбие сағаты.
⠀
Тәрбие сағаты мектеп кітапханасында ұстаздар мен ата-аналардың тікелей қатысуымен өтті. Шара барысында Ыбырай атамыздың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы кеңінен баяндалып, тың деректер айтылды.
⠀
Сондай-ақ өңірімізге танымал айтыскер ақын, ақындар үйірмесінің жетекшісі Тұрғанбекұлы Асығаттың орындауындағы Абайдың “Сегіз аяқ” әні кештің шырайын келтіріп, оқушылардың ән өнеріне деген қызығушылықтарын оятты.
⠀
Бұдан бөлек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Гүлзина Қабдырахманқызы да өз кезегінде оқушыларға ақыл кеңесін айтып, кештен алған әсерімен бөлісті.
⠀
Тағылымды кешке куә болған ата-аналар мен оқушылар ерекше шабыт алып, Ыбырайдың адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін әңгімелерінен ой түйіп, кеш ұйымдастырушысы Аусагатова Венера Анарбекқызына алғыстарын білдірді.
