“Заманауи мектеп” жобасы аясында
Бүгін өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов “Заманауи мектеп” жобасы аясында күрделі жөндеу жасалған гимназиямызға келіп, мектептің жаңарған келбетімен танысты.
⠀
60 жылға жуық тарихы бар білім ордасына ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу жасалмаған болатын.
⠀
Биыл ғимараттың іші-сырты толықтай жөнделіп, мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
⠀
Сондай-ақ, оқу кабинеттері Open space форматына ауыстырылып, Stem, IT зертханалары, жаңа модификациядағы биология, химия, физика, т.б. кабинеттері ашылды.
⠀
Өңір басшысы аталған жаңашылдықтардың білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтып, жөндеу жұмыстарының сапасына оң бағасын берді.
