Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Абай Құнанбайұлы атамызға арналған ескерткіш

Кеше ғана қаламыздың орталық алаңында хакім Абай Құнанбайұлы атамызға арналған ескерткіш бой көтеріп, Ертіс-Баян өңірінің рухани-мәдени келбетін айқындай түсті.
Бүгінде Ұлы ойшылдың асыл мұрасын ардақтау және жан-жақты дәріптеу мақсатында гимназиямыздың бір топ оқушылары ескерткіш алдына жиылып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, Абай мұрасынан нәр алып өсіп келе жатқандарын көрсетті.
Жарқын болашаққа сенімді жол салған Абай атамыздың мүсіні де, өзі секілді ізгілікке шақырып тұрғандай болды.