1 қазан - Халықаралық қарттар күні
1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды.
Ықылым заманнан қазақ отбасында қарттардың алар орны ерекше. Қариясын қастерлеген елдің біріміз. Осындай айтулы мерекеде гимназиямыздың оқушылары жүрекжарды лебіздерін арнап, құттықтау тілектерін жеткізуде. Бұл мереке - аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін айрықша күн.
