Ұстаздарымызға мерекелік сый
Ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназиямыздың мұғалімдері Қарағанды қаласында қонақта болып қайтты.
⠀
"Мұрагер" мамандандырылған мектеп-интернатына табан тіреген ұстаздарымызды ондағы әріптестеріміз құшақ жая қарсы алды. Қонақжайлықтың үлгісін көрсеткен мектеп директоры Өтебаев Нұрғазы Ғазизұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік дастархан жайды.
⠀
Кейін Нығымет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектепке бет алып, Нұрмақов мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты. Біз де өз тарапымыздан екі бірдей мектепке де естелік сыйлықтар тарту еттік.
⠀
Бұдан бөлек әріптестеріміз Қарағанды қаласында орналасқан "Карлаг" сынды тарихи кешенді аралады.
⠀
Аталмыш сапар барлық ұстаздарымызға үлкен мерекелік сый болды.
