Еңбек күні мерекесі
Еңбек күні мерекесіне орайластырылып "Еңбекпен өрілген өмір" тақырыбында өткізілген сыр-сұхбатқа Альжанов Темиргали Аукенович шақырылды.
⠀
Өмірді мәнді де, мағыналы ететін еңбек екені сөзсіз. Пікір алмасу кешімізге қатысқан қонағымыз да дәл осы қанатты сөзге сүйеніп еңбек жолындағы жинаған бар тәжірибесімен бөлісті.
⠀
Түрлі салада қызмет атқарып, еңбегі еленген ағамыз оқушыларға өз ақыл-кеңесін ұсынып, адал еңбекпен тапқан нанның дәмі де тәтті болатынын айтып жеткізді.
⠀
Сондай-ақ, кездесу барысында оқушылар күйден шашу шашып, қонағымызға әдемі көңіл-күй сыйлап, алғыстарын білдірді.
⠀
Альжанов Темиргали Аукенович.
⠀
"Еңбек ардагері" меділінің иегері.
"Құрмет белгісі" орденінің иегері.
"Май ауданының құрметті азаматы"
