"Қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдеріне арналған тапсырманы құрастыру ерекшеліктері" атты вебинар
29.04.2020 ж. Ақтоғай ауданының мектептерін қолдау және кәсіби өзара іс-әрекет жұмыстарын іске асыру мақсатында орнаған ынтымақтастық аясында «Қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдеріне арналған тапсырманы құрастыру ерекшеліктері» атты вебинар өтті.
Спикерлер: Ғылыми-әдістемелік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Камалова Нургуль Ергалымовна және Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ибраева Айман Рахимжановна.
Ерілкке тағзым
Жыр мүшәйрасына деген қызығушылығын танытып қалам сілтеген жас ақындарымыздың Ұлы Жеңіске арнаған жырларының қатары әлі сейілер емес.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ерлікке тағзым" атты жыр мүшәйрасы жалғасуда
Құрметті оқырмандар!
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ерлікке тағзым" атты жыр мүшәйрамыз өз жалғасын табуда. Қатысушыларымыз найзаның ұшымен келген жеңісті, қаламның ұшымен жырға қосуда. Жас ақындарымыздың белсендік танытқандары әрине бізді қуантады.
"Ерлікке тағзым " атты жыр додасы
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мектепішілік "Ерлікке тағзым " атты жыр додасы жалғасуда. Жас ақындарымыз бабалардың ерлігіне тағзым етіп, алғыстарын жыр шумақтарымен жеткізуде.
"Ерлікке тағзым " атты мүшәйра
Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!
⠀ Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналып мектепішілік "Ерлікке тағзым " атты мүшәйра өтетінін хабарлайды.
⠀ Өскелең ұрпақтың тарихи танымын арттыра отырып рухани жан дүниесін кемелдендіріп, бабалар ерлігін дәріптеп тағзым етуге негізделген байқауға 5-11 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады.
⠀ Өлеңдер сәуірдің 25-не дейін қабылданады.
"Алтын белгі" беру ережелері өзгеріссіз қалды
2017 жылдан бастап ҰБТ-да "Алтын белгіні" растау талап етілмейді. 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндер бойынша қорытынды жылдық бағасы "5" болса және бітіру аттестаттау емтихандарын үздік тапсырса, жеткілікті.
⠀ Қазіргі жағдайға байланысты 9,11-сынып оқушылары бітіру емтихандарын тапсырмайды, сондықтан "Алтын белгі" жылдық қорытынды бағаларының негізінде беріледі.
⠀ Биыл "Алтын белгіден" 7 444 түлек үміткер.
Қабылдау емтиханының уақыты шегерілді - Сроки проведения вступительных экзаменов ещё неизвестны
Құрметті ата-аналар!
Облысымызда 13 сәуірден бастап карантин енгізілуіне байланысты гимназия-интернатымызға қабылдау емтиханы белгісіз мерзімге ұзартылды. Қабылдау емтиханы өткізу белгілі болған кезде мектебіміздің әлеуметтік желісі арқылы хабарлап, ресми сайтымызда жариялайтын боламыз.
Қашықтықтан оқу: 5"а"-сыныбының бейнеролигі
Қашықтан оқу балалардың өзіне деген сенімділігін арттырады. Өздеріңіз білетіндей елдегі төтенше жағдайға байланысты қазіргі таңдамектеп оқушылары түгелдей үй жағдайында білім алуда. Бұл оқу жүйесі оқушылардың өздігінен жұмыс жасау арқылы тиянақтылық пен жауапкершілік қасиеттерін арттыруға көп септігін тигізбек. Осы орайда назарларыңызға үй жағдайында білім алып жатқан 5"а"-сыныбының әуесқой түсірілімдегі бейнеролигін ұсынамыз.
Ата-аналардан мектеп ұжымына алғысы
Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының ата-аналар ұжымы ел басына іс түскенде, әлемде болып жатқан індет уақытында балаларымыздың саулығы үшін қашықтықтан оқытып, жұмыла жұмыс жасап жатқан барлық мектеп ұжымына алғысын білдіреді.
Адалдық сағаттары
Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын сіңіру мақсатында гимназиямыздың оқушыларымен қашықтықта "Адалдық сағаттары" ұйымдастырылды. Онда оқушылар жемқорлыққа қарсы екендіктері туралы өз ойларын бейнежазбаға түсіріп, әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығын жан-жақты айтып өтті. Тіпті, сыбайлас жемқорлықтың кері әсері туралы шағын бейнематериал дайындап, бізбен бөлісуде. Адалдық пен әділдікті шамшырақ еткен оқушыларымыздың еңбектерін бағалап қойыңыздар.
