Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

5 сыныпқа қабылдау емтиханы, 2020 о.ж.

5-сыныптарға қабылдау емтиханы 19-20 маусым.

Өтінішітерді қабылдау: 15.05.2020 - 17.06.2020 ж.

Сілтеме арқылы емтиханға онлайн тіркелуге болады: Онлайн тіркелу

Толығырақ

Халықаралық Сәтбаев оқулары ғылыми жобалар байқауының қорытындысы.

Біздің гимназиядан барлық секция ішінен орын алғандар:
⠀1-орын 8"а"-сынып Сүйеніш Жасқанат (жетекшісі Нұрмат Бағдәулет секция Тілтаным)
⠀2-орын: 5 "а"-сынып Айтқұл Айгерім, Темирбай Дильда ( Каирова Лаура Кашкеновна секция математика)
⠀2-орын: 7 "а"-сынып Айтмагамбетова Самрук (жетекші Касамбаева Айымгүл секция туризм)
⠀3-орын: 8 "б"-сынып Төкен Асылхан (жетекшісі Касамбаева Айымгуль секция география)

 

Толығырақ

"Карантин қалай өтуде?" тақырыбында видеоролик

     "Карантин қалай өтуде?" тақырыбында видеоролик түсіріп, 87711721421 номеріне телеграм арқылы салып жібер.
     Видеоның уақыты 1 минуттан аспауы тиіс. Видеоның креативтілігіне, сапасына және мазмұнына назар аударылады. Конкурс жеңімпаздары 1,2,3орындармен марапатталып, ұялы телефонға бірлік ұтып ала алады.

     Конкурсқа жұмыстар 10 мамырға дейін қабылданады.
     Конкурс нәтижесі 12 мамыр күні шығарылады.

     Конкурсқа тек Алтынсарин гимназиясының оқушылары ғана қатыса алады.
⠀    Сәттілік!

Толығырақ

Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік

Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күні. "Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Бұл мереке 1996 жылдан бастап тойланып келеді. Көк тудың астында жұдырықтай жұмылған елдің арманы ынтымақ пен береке. Бірлігіміз жарасып, туымыз көкте желбірей берсін.

Толығырақ

Мектебіміздің "Қос ішек" ансамблі

 Қазақ халқының атадан балаға, көзінің қарашығындай сақтап жеткізген қымбат қазынасының бірі күй өнері.
⠀Жас ұрпақтың жадына ата-баба мұрасына деген құрметін арттыру мақсатында мектебіміздің "Қос ішек" ансамблі Құрманғазының "Балбырауын" күйін назарларыңызға ұсынуда.
⠀Жетекші: Кайшанов Нұрлан Бакытович

Толығырақ

Google Forms тиімді тұстары

Облысымыздағы аудан мектептерін қолдау және кәсіби педагогикалық өзара іс-әрекет шеберлік жұмыстарын іске асыру мақсатында Алтынсарин гимназиясы мен Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.
Толығырақ

Ұстаздың балаға, баланың ұстазға деген мейірімі

Өздеріңіз білетіндей елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқу жүйесіне көшкен болатынбыз. ⠀Содан бері жас өрендеріміз бен ұстаздарымызды гимназиямыздың тыныс-тіршілігі сағындыртқаны рас. ⠀Ұстаздың балаға, баланың ұстазға деген мейірімін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ал, ата-ананың мектепке деген жаңашырлығы тіпті бөлек. ⠀Осы ретте мектеп директоры мен ұстаздарымыз және ата-аналарымыз ұлттық киімдерін киіп, бір-біріне деген жылы лебіздерін тамаша жыр жолдарымен жеткізуде.

Толығырақ

«Тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері» атты вебинар

     29.04.20 ж. гимназиямыздың  және ауданның қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән  ұстаздарына арналған «Тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері» атты вебинар Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп өткізілді. Вебинарда тренер, білікті маман Айман Ибраева аталмыш сұрақ төңірегінде ұстаздарға нақты бағыт-бағдар көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.
⠀

Толығырақ

Мектеп бітірушілердің назарына

Мектеп бітірушілердің назарына
8-8000-80-71-77
⠀

Толығырақ

«GoogleClassroom платформасы, Google нысандарын қадамдық қолдану» шеберлік сағат

30.04.20 ж. Ақтоғай ауданының мектептерін қолдау және кәсіби өзара іс-әрекет жұмыстарын іске асыру мақсатында орнаған ынтымақтастық аясында шеберлік сағат «GoogleClassroom платформасы, Google нысандарын қадамдық қолдану» тақырыбында тәжірибесімен бөліседі.
Спикерлер: директордың электронды оқыту жүйесі жөніндегі орынбасары Кенжебаева Даметкен Камариденовна және информатика пәнінің мұғалімі Тлеулесова Асем Аскаровна

Толығырақ