Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Online-режиміндегі ата-аналар жиналысы

     Бүгін сынып тәрбиешілері күн тәртібінде белгіленген тақырыптар аясында мектеп ата-аналарымен ата-аналар жиналысын online-режимінде өткізді. Мақсаты короновирустық инфекция пандемиясы кезеңінде әр мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпараттандыру. Сондай-ақ ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселелер баяндалып, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы айтылды.
⠀     Қашықтықтан оқыту бойынша ата-аналарға арналған ұсынымдар таныстырылды. Мәселен, (мұғалім ұсынған форматтағы қашықтықтан оқытуға баланы уақытылы қосу, мұғаліммен байланысуын, кері байланыс алуы, баланың оқу материалдарын өз бетімен оқуды және тапсырмаларды орындауын қадағалау т.б.)