Республикалық футзал турнирі
Bárekeldі!
⠀Nur-Sultan qalasynda mektep oqýshylary arasynda ótkіzіlgen Respýblıkalyq fýtzal týrnırі kezіnde tamasha oıyn órnegіn kórsetіp, jasyl alańda ala dopty urshyqtaı ıіrіp III orynǵa ıe bolǵan Altynsarın qurama komandasyn quttyqtaımyz. Aıta ketý kerek, jas sportshylardyń fýtbol oıynyna degen qyzyǵýshylyqtaryn arttyrǵan mektebіmіzdіń dene shynyqtyrý pánі muǵalіmі Boranalın Qýat Qanatuly.
______________________________________
Бәрекелді!
⠀ Нұр-Сұлтан қаласында мектеп оқушылары арасында өткізілген Республикалық футзал турнирі кезінде тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жасыл алаңда ала допты ұршықтай иіріп III орынға ие болған Алтынсарин құрама командасын құттықтаймыз. Айта кету керек, жас спортшылардың футбол ойынына деген қызығушылықтарын арттырған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бораналин Қуат Қанатұлы.
"Жас ұлан" ұйымы: Тәуелсіздік жолында" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
1969 жылдың соңында, мектеп-интернатымыздың ұлттық мұрат-мүддені көксеген бір топ оқушысы "Жас ұлан" ұйымын құрған болатын. Отаршылдыққа қарсы күрескен ұйым белсенділері ақыры жазалауға ұшырап мектептен және комсомол қатарынан шығарылған.
⠀Ұйым жетекшісі Арман Қани және ұйым белсенділері сындарлы шақта өздерін ер азаматтарша ұстады.
⠀Міне, биыл "Жас ұлан" ұйымының құрылғанына тура 50 жыл толып отыр. Осыған орай өткізілген "Жас ұлан" ұйымы: Тәуелсіздік жолында" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында мектебімізде патриоттық әндерді орындаушы әнші оқушылардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
⠀Шараға бірнеше мектептен қатысқан өнерпаз оқушылар білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Мапруза Жармағанбетова Байғалова атындағы облыстық дәстүрлі олимпиада
Мапруза Жармағанбетова Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының қорытындысы
⠀
І орын иегерлері
Аянбек Жанбота - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат (8 - сынып), Гилазов Илфат -дарынды ер балаларға арналған "Білім–инновация" лицей–интернаты (7- сынып)
⠀
ІІ орын иегерлері
Касимова Назерке - химия-биология бағытындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі (7- сынып),
Швецов Максим - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты (7- сынып), Хауметқали Айтолқын - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты (7-сынып), Кабиденова Томирис - химия-биология бағытындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі (8-сынып)
⠀
ІІІ орын иегерлері
Томм Эвелина - дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы (7- сынып),
Чжен Евгений – дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі 8 (сынып), Әуелбек Інжу - Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия – интернаты (8 - сынып),
Серікпай Ботакөз - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат (7- сынып),
Сайыпова Асем - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы (8 - сынып),
Кәрім Әлтайыр - дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (7- сынып)
⠀
Номинациялар
⠀
Евневич Георгий - «Тіл білгірі» номинациясы (8 - сынып) Нұрпейіс Гаухар - «Талаптыға нұр жауар» номинациясы (8 - сынып)
Тұрархан Толғанай - "Талаптыға нұр жауар" номинациясы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі (8 - сынып)
«Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауы
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық мұражайда «Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауының ақтық кезеңі өтті. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Имантай Мағзұм, ұстазы Бағдәулет Нұрматтың жетекшілігімен жүлделі 2-орынға ие болды.
Тәуелсіздік күні
Táýelsіzdіk kúnіne oraı, gımnazııamyzda bіrqatar іs-sharalar bastaý aldy. Aldymen ár synyp tárbıeshіlerі oqýshylarymen tárbıe saǵattaryn ótkіzse, keıіn májіlіs zalynda ustazdarymyzdyń qatysýymen merekelіk kesh uıymdastyryldy. Aıta ketelіk, bul keshte jeltoqsan alańynda eldіń bolashaǵy úshіn bas kótergen bozdaqtardyń esіmderі ulyqtalyp, bіr mınýttіk úzіlіs jarııalandy. Sondaı-aq J.Aımaýytov atyndaǵy qazaq mýzykaly drama teatrynyń ártіsі Beıbіt Shánіp kelіp, Muhtar Shahanov aqyn aǵamyzdyń ádemі týyndysynan tartý ettі.
__________________________________
Тәуелсіздік күніне орай, гимназиямызда бірқатар іс-шаралар бастау алды. Алдымен әр сынып тәрбиешілері оқушыларымен тәрбие сағаттарын өткізсе, кейін мәжіліс залында ұстаздарымыздың қатысуымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Айта кетелік, бұл кеште желтоқсан алаңында елдің болашағы үшін бас көтерген боздақтардың есімдері ұлықталып, бір минуттік үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртісі Бейбіт Шәнім келіп, Мұхтар Шаханов ақын ағамыздың әдемі туындысынан тарту етті.
"Тәуелсіздік тұғырым" челленджі
Қасиетті қара шаңырақ Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға облыстық қазақ гимназия интернаты "Тәуелсіздік тұғырым" челленджін "Жас дарын" мамандандырылған мектебінен қабыл алып, білім инновация лицейіне жолдайды.
---
Тәуелсіздігіміздің көк туы желбірей берсін...
Асық ату сайысы
Киелі алтын ұя гимназиямызда Тәуелсіздік мерекесі қарсанында ұлттық ойынды дәріптеп, насихаттау мақсатында оқушылар арасында асық ату сайысы ұйымдастырылды. Сайыс соңында асығы алшысынан түсіп, атқаны мүлт кетпеген мергендеріміз марапатталды.
Тұңғыш Президент күні
1 jeltoqsan - Tuńǵysh Prezıdent kúnі qarsańynda gımnazııamyzda 18-synyp arasynda tárbıe saǵattary uıymdastyryldy. Elbasymzydyń ustanǵan saıasaty men jasaǵan ıgі іsterі aıtylyp baıandamalar oqyldy. Sondaı-aq mádenıet, tіlderdі damytý jáne arhıv іsі basqarmasynyń basshysy Dáýenov Ernur Nurlanuly kelіp, tárbıe saǵattaryna qatysty. Kezdesý barysynda oqýshylarǵa Elbasymyzdyń elge etken eren eńbekterіn tіlge tıek ete otyra, el bolashaǵy jastardyń qolynda ekendіgіn aıtty.
________________________________
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында гимназиямызда 18-сынып арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Елбасымзыдың ұстанған саясаты мен жасаған игі істері айтылып баяндамалар оқылды. Сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы келіп, тәрбие сағаттарына қатысты. Кездесу барысында оқушыларға Елбасымыздың елге еткен ерен еңбектерін тілге тиек ете отыра, ел болашағы жастардың қолында екендігін айтты.
"Тәуелсіздік - жыр, әнім" республикалық шығармашылық фестивалі
Súıіnshі!
Aqtóbe qalasy ákіmdіgіnіń qoldaýymen Qazaqstan Respýblıkasy Táýelsіzdіgі kúnі merekesіne oraı ótkіzіlgen "Táýelsіzdіk - jyr, ánіm" respýblıkalyq shyǵarmashylyq festıvalі aıasynda "Taza, mіnsіz asyl sóz" sheshendіk óner baıqaýynda Bas Júldege ıe bolǵan Asyǵatuly Shyńǵysty quttyqtaımyz. Sondaı-aq "Kómeıden jyr aǵylsyn" jas jyrshylar nomınatsııa boıynsha arnaıy alǵys hatpen Mahsýthan Nurǵısa marapattaldy. Al "Táýelsіzdіk tartýy" atty jas aqyndar baıqaýynan Sáýlet Nurshapaǵat III oryndy ıelenіp gımnazııamyzdyń týyn kókke jelbіrettі.
_____________________________________
Сүйінші!
Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай өткізілген "Тәуелсіздік - жыр, әнім" республикалық шығармашылық фестивалі аясында "Таза, мінсіз асыл сөз" шешендік өнер байқауында Бас Жүлдеге ие болған Асығатұлы Шыңғысты құттықтаймыз. Сондай-ақ "Көмейден жыр ағылсын" жас жыршылар номинация бойынша арнайы алғыс хатпен Махсутхан Нұрғиса марапатталды. Ал "Тәуелсіздік тартуы" атты жас ақындар байқауынан Сәулет Нұршапағат III орынды иеленіп гимназиямыздың туын көкке желбіретті.
