Мапруза Жармағанбетова Байғалова атындағы облыстық дәстүрлі олимпиада
Павлодар облысы білім басқармасы және Ертіс дарыны ӨҚББОО-ның қолдауымен өткен Қазақстан білім беру ісінің үздігі ұлағатты ұстазымыз Мапруза Жармағанбетова Байғалова атындағы облыстық дәстүрлі олимпиада өткізілді.
⠀
Олимпиадаға облысымыздың мамандандырылған білім беру мекемелерінен 50-ге жуық оқушы қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың терең білімімен біліктілігін анықтаған дода эссе жазу, ақындардың ұсынылған өлеңдерін жатқа оқу және мақал-мәтелдердің мәнісін ашу мағынасын ашу сынды кезеңдерден тұрды.
⠀
Байқауға ПМУ және ПМПУ ғалымдары төрелік етті. Одан бөлек Мапруза Жармағанбетқызының түрлі салада биік белестерді бағындырған шәкірттері келіп қатысты. Жабылу салтанатында сөз алған Мапруза Жармағанбетқызы жас өрендердің аяқ алыстарын жоғары бағалап, білім жолындағы ізденістеріне ақ жол сәттілік тіледі.
Мапруза Жармағанбетова Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының қорытындысы
⠀
І орын иегерлері
Аянбек Жанбота - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат (8 - сынып), Гилазов Илфат -дарынды ер балаларға арналған "Білім–инновация" лицей–интернаты (7- сынып)
⠀
ІІ орын иегерлері
Касимова Назерке - химия-биология бағытындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі (7- сынып),
Швецов Максим - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты (7- сынып), Хауметқали Айтолқын - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты (7-сынып), Кабиденова Томирис - химия-биология бағытындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі (8-сынып)
⠀
ІІІ орын иегерлері
Томм Эвелина - дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы (7- сынып),
Чжен Евгений – дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі 8 (сынып), Әуелбек Інжу - Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия – интернаты (8 - сынып),
Серікпай Ботакөз - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат (7- сынып),
Сайыпова Асем - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы (8 - сынып),
Кәрім Әлтайыр - дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (7- сынып)
⠀
Номинациялар
⠀
Евневич Георгий - «Тіл білгірі» номинациясы (8 - сынып) Нұрпейіс Гаухар - «Талаптыға нұр жауар» номинациясы (8 - сынып)
Тұрархан Толғанай - "Талаптыға нұр жауар" номинациясы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі (8 - сынып)






