"Алтын күз" мерекесі
Бүгін гимназиямызда 7-8 сыныптар арасында "Алтын күз" мерекесі аталып өтті. Мерекелік шараға оқушыларымызбен бірге ата-аналарымыз да белсенділік танытты. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұстаздарға, оқушылар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
І тоқсан қорытындысы бойынша мектепішілік жиналыс
Qurmettі ata-analar jáne muǵalіmder! Qazan aıynyń 25-і kúnі saǵat 13:00-de I toqsan qorytyndysy boıynsha mektepіshіlіk jınalys ótetіnіn habarlaımyz. Munda oqýshylarymyzdyń oqý úlgerіmі men tárbıesі jónіnde áńgіmelesý júrgіzіletіn bolady. Sondaı-aq kelesі toqsanda atqarylatyn bіrqatar josparlarmen tanysasyzdar.
___________________________________
Құрметті ата-аналар және мұғалімдер! Қазан айының 25-і күні сағат 13:00-де І тоқсан қорытындысы бойынша мектепішілік жиналыс өтетінін хабарлаймыз. Мұнда оқушыларымыздың оқу үлгерімі мен тәрбиесі жөнінде әңгімелесу жүргізілетін болады. Сондай-ақ келесі тоқсанда атқарылатын бірқатар жоспарлармен танысасыздар.
Біздікілерді біле жүр
Алтын-ұя гимназиямыздың ұстаздарын ұлықтау мақсатында және олардың күнделікті жұмыс барысы мен жеке өмірі жайлы ақпаратты "Біздікілерді біле жүр" атты жаңа айдарымыз арқылы ел назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Жаңа айдарымыздың бірінші кейіпкері көркем еңбек мұғалімі Асайнов Болат Нұржанұлы болды.
Болат Нұржанұлымен алғашқы сұхбат жасауымыздың себебі бұл кісі интернатымыздың түлегі әрі 30 жылдық еңбек өтілімі бар, он қолынан өнер тамған шебер - Ұстаз.
Мектебіміздің мақтанышына айналып, жарты ғұмырын интернатымызға арнаған ұстазымызбен таныс болыңыздар.
Ата-аналар комитеті төрайымдарының назарына
Ata-analar komıtetі tóraıymdarynyń nazaryna
_______________________________________
Ата-аналар комитеті төрайымдарының назарына:
12 қазан сағат 12:00-де ата-аналар комитетінің жиналысы өтеді.
Арайлы Алтын Күз
Aǵashtardyń japyraqtary sarǵaıyp, altynnan syrǵa taqqandaı ádemі kórіnіs beretіn kúz mezgіlі de kelіp jettі. Kún qysqaryp, tún uzarar mezgіlde astyqqa toly alqaptyń jemіs-jıdegі de pіsken shaq.
⠀ Gımnazııamyzda "Araıly Altyn Kúz" atty ataýmen molshylyq pen berekenіń mezgіlі toılandy. Kúz hanshaıymdary ózderіn tanystyryp, kıіm úlgіlerіn kórsetіp, ónerlerіn ortaǵa saldy.
⠀ Mereke sońynda kúz hanshaıymy bolyp 5 "A"-synyp oqýshysy Kýbekova Mılana tanyldy.
__________________________________
Ағаштардың жапырақтары сарғайып, алтыннан сырға таққандай әдемі көрініс беретін күз мезгілі де келіп жетті. Күн қысқарып, түн ұзарар мезгілде астыққа толы алқаптың жеміс-жидегі де піскен шақ.
⠀ Гимназиямызда "Арайлы Алтын Күз" атты атаумен молшылық пен берекенің мезгілі тойланды. Күз ханшайымдары өздерін таныстырып, киім үлгілерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.
⠀
Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Dúnıedegі mamandyq ataýlynyń tóresі-ustazdyq. Muǵalіm barlyq mamandyq ıesіn tárbıeleıtіn, oqyp úıretetіn abzal jandar. Bar bіlіmіn shákіrtterіne sіńіrіp, meıіrіmіn shashqan ustazdarymyzdy alda kele jatqan tól merekelerіmen shyn júrekten quttyqtaımyz!
⠀ Altyn-uıa mektebіmіzden qanshama talantty da, daryndy oqýshylar túlep ushsa, solardyń qanattaryn qataıtyp, bіlіmderіn ushtaý da ustazdarymyzdyń eńbekterі eren ekenі bárіmіzge belgіlі.
⠀ Ustazdyq jolda júrgen barsha abzal jandarǵa kásіbı sheberlіkterіńіzge árdaıym tabys tіleımіz.
______________________________________
Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқып үйрететін абзал жандар. Бар білімін шәкірттеріне сіңіріп, мейірімін шашқан ұстаздарымызды алда келе жатқан төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
⠀ Алтын-ұя мектебімізден қаншама талантты да, дарынды оқушылар түлеп ұшса, солардың қанаттарын қатайтып, білімдерін ұштау да ұстаздарымыздың еңбектері ерен екені бәрімізге белгілі.
⠀ Ұстаздық жолда жүрген барша абзал жандарға кәсіби шеберліктеріңізге әрдайым табыс тілейміз.
Тазалық марафоны
Gımnazııamyzdyń oqýshylary óz qalalarynyń taza bolýyna basa mán beredі. Oǵan dálel mektebіmіzdіń 8-synyp oqýshylary tárbıeshіlerіmen bіrge Ertіs jaǵalaýynyń boıyna baryp, qoqystardy jınap, fleshmobbıіn uıymdastyrdy.
____________________________________
Гимназиямыздың оқушылары өз қалаларының таза әрі көрікті болғанына баса мән береді. Оған дәлел мектебіміздің 8-сынып оқушылары тәрбиешілерімен бірге Ертіс жағалауының бойына барып, қоқыстарды жинап, флешмоб биін ұйымдастырды.
"Адал жүрек" республикалық акциясының күзгі марафоны
Aǵymdaǵy jyldyń 28 qyrkúıegіnde Ertіs shańǵy bazasynda Qazaqstan Respýblıkasynyń Sybaılas jemqorlyqqa qarsy іs-qımyl agenttіgі "Adal júrek" respýblıkalyq aktsııasynyń kúzgі marafonyń ótkіzdі.
⠀ Atalmysh marafonǵa memlekettіk organdardyń basshylary men ujymdary óz otbasylarymen bіrge ujymdasyp qatysty.
⠀ Aıta ketelіk gımnazııamyzdan 28 muǵalіm qatysyp, onyń іshіnde "Tatý Otbasy" nomınatsııasymen ekі bіrdeı otbasy marapattaldy.
_____________________________________
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Ертіс шаңғы базасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Адал жүрек" республикалық акциясының күзгі марафоның өткізді.
⠀ Аталмыш марафонға мемлекеттік органдардың басшылары мен ұжымдары өз отбасыларымен бірге ұжымдасып қатысты.
⠀ Айта кетелік гимназиямыздан 28 мұғалім қатысып, оның ішінде "Тату Отбасы" номинациясымен екі бірдей отбасы марапатталды.
Денсаулық күні
Gımnazııalyqtar densaýlyq kúnіń jasyl toǵaıda aıryqsha kóterіńkі kóńіl-kúımen atap óttі.
⠀ Sary japyraq jamylǵan qara jerge aq dastarhan jaıyp, ala doptaryn qoldaryna alyp alasuryp oıyn da oınap úlgerdі.
⠀ Bárі keremet oıdaǵydaı óttі
________________________________
Гимназиялықтар денсаулық күнің жасыл тоғайда айрықша көтеріңкі көңіл-күймен атап өтті.
⠀ Сары жапырақ жамылған қара жерге ақ дастархан жайып, ала доптарын қолдарына алып аласұрып ойын да ойнап үлгерді.
⠀ Бәрі керемет ойдағыдай өтті
"Тіл-рухани жаңғырудың тетігі" тақырыбындағы тәрбие сағаттары
Tіl-adamnyń barlyq sanaly ómіrіnіń quraly. Shákіrtterіmіzge oqýshy kezderіnen-aq óz ana tіlderіne degen qurmetterіnіń árdaıym joǵary bolýyna tárbıeleý bіzdіń mіndetіmіzge júktelgen.
⠀ Osy tusta "Tіl-rýhanı jańǵyrýdyń tetіgі" taqyrybynda ótkіzіlіp jatqan tіlder aılyǵyn aıta ketken jón. Osyǵan oraı tіlder merekesі qarsanyńda mektebіmіzde kóptegen sharalar qolǵa alynýda.
⠀ Solardyń qatarynda gımnazııamyzdaǵy barlyq 18 synyp tárbıeshіlerіmen uıymdastyrǵan tárbıe saǵattary da bar. Barlyǵy da túrlі ıdeıalarymen qatysýshylardyń nazaryna іlіnіp, on baǵasyn aldy.
⠀ Aıta ketýіmіz kerek, qadіrlі qonaqtarymyzdyń qatary mektebіmіzge eńbegі sіńgen ardager ustaz Baıǵalova Maprýza Jarmaǵanbetqyzymen tolyqty.
__________________________________
Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы. Шәкірттерімізге оқушы кездерінен-ақ өз ана тілдеріне деген құрметтерінің әрдайым жоғары болуына тәрбиелеу біздің міндетімізге жүктелген.
⠀ Осы тұста "Тіл-рухани жаңғырудың тетігі" тақырыбында өткізіліп жатқан тілдер айлығын айта кеткен жөн. Осыған орай тілдер мерекесі қарсаныңда мектебімізде көптеген шаралар қолға алынуда.
⠀ Солардың қатарында гимназиямыздағы барлық 18 сынып тәрбиешілерімен ұйымдастырылған тәрбие сағаттары да бар. Барлығы да түрлі идеяларымен қатысушылардың назарына ілініп, оң бағасын алды.
⠀ Айта кетуіміз керек, қадірлі қонақтарымыздың қатары мектебімізге еңбегі сіңген ардагер ұстаз Байғалова Мапруза Жармағанбетқызымен толықты.
