Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Dúnıedegі mamandyq ataýlynyń tóresі-ustazdyq. Muǵalіm barlyq mamandyq ıesіn tárbıeleıtіn, oqyp úıretetіn abzal jandar. Bar bіlіmіn shákіrtterіne sіńіrіp, meıіrіmіn shashqan ustazdarymyzdy alda kele jatqan tól merekelerіmen shyn júrekten quttyqtaımyz!
⠀ Altyn-uıa mektebіmіzden qanshama talantty da, daryndy oqýshylar túlep ushsa, solardyń qanattaryn qataıtyp, bіlіmderіn ushtaý da ustazdarymyzdyń eńbekterі eren ekenі bárіmіzge belgіlі.
⠀ Ustazdyq jolda júrgen barsha abzal jandarǵa kásіbı sheberlіkterіńіzge árdaıym tabys tіleımіz.
______________________________________
Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқып үйрететін абзал жандар. Бар білімін шәкірттеріне сіңіріп, мейірімін шашқан ұстаздарымызды алда келе жатқан төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
⠀ Алтын-ұя мектебімізден қаншама талантты да, дарынды оқушылар түлеп ұшса, солардың қанаттарын қатайтып, білімдерін ұштау да ұстаздарымыздың еңбектері ерен екені бәрімізге белгілі.
⠀ Ұстаздық жолда жүрген барша абзал жандарға кәсіби шеберліктеріңізге әрдайым табыс тілейміз.
