Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Ақындар мұраты - xалық ұлағаты" атты әдеби-сазды кеш

2019 jylǵy 16 naýryz kúnі №16 jalpy orta bіlіm berý mektebіnde urpaqqa aıryqsha іz qaldyrǵan Buqar Jyraý men Estaı Berkіmbaıulynyń óleńderі men ánderі arqyly oqýshylardy ásemdіkke, eljandylyqqa tárbıeleı otyryp, poezııa álemіnіń syryn ashý maqsatynda "Aqyndar muraty - xalyq ulaǵaty" atty ádebı-sazdy kesh ótkіzіldі.
⠀
Igі sharaǵa gımnazııamyzdyń oqýshylary shaqyrtý alyp, Estaı Berkіmbaıulynyń ómіrі jaıly daıyndaǵan saxnalyq qoıylymdarymen el nazaryn aýdarta aldy.
⠀
Saxnanyń jas maıtalmandary Estaı atamyzdyń ánіn shyrqap, jıylǵan jurtty elen etkіzdі. Sondaı-aq aqyn atalarymyzdyń óleńderі jatqa oqylyp, shyǵarmashylyqtaryna sholý jasalyndy. Kesh sońynda qatysýshylarymyz alǵys xattarmen marapattalyp, kórermenderdіń kózaıymdaryna aınaldy.
____________________________________
2019 жылғы 16 наурыз күні №16 жалпы орта білім беру мектебінде ұрпаққа айрықша із қалдырған Бұқар Жырау мен Естай Беркімбайұлының өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында "Ақындар мұраты - xалық ұлағаты" атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
⠀
Игі шараға гимназиямыздың оқушылары шақырту алып, Естай Беркімбайұлының өмірі жайлы дайындаған саxналық қойылымдарымен ел назарын аударта алды.
⠀
Саxнаның жас майталмандары Естай атамыздың әнін шырқап, жиылған жұртты елең еткізді. Сондай-ақ ақын аталарымыздың өлеңдері жатқа оқылып, шығармашылықтарына шолу жасалынды. Кеш соңында қатысушыларымыз алғыс xаттармен марапатталып, көрермендердің көзайымдарына айналды.

Толығырақ

ХХ облыстық Абай оқулары

     Abaı Qunanbaıuly qazaq xalqynyń basyndaǵy máńgі óshpes jaryq juldyzy. Uly aqynnyń shyǵarmashylyǵyn jas urpaqqa nasıxattaý maqsatynda ХХ oblystyq Abaı oqýlary daryndy balalarǵa arnalǵan 3 gımnazııasynda uıymdastyryldy.
      Abaı Qunanbaev shyǵarmalaryn oqý arqyly kórkemsóz sheberlіgіn, tіl mádenıetіn shyńdaý baǵytynda ótken baıqaýǵa gımnazııamyzdyń oqýshylary da qatysty.
⠀     Qazylar alqasy qatysýshylardyń kórkem mátіndі tańdaý jáne oqý, ándі oryndaýy men akterlіk sheberlіkterіne basa nazar aýdardy.
⠀     Nátıjesіnde "Ulylar álemі" baǵyty boıynsha mektebіmіzdіń 10-synyp oqýshysy Jomart Aqtoty 2-oryndy ıelenіp, "Kóńіlіm ándі uǵady" baǵytynda gımnazııamyzdyń 6-synyp oqýshysy Asyǵatuly Shyńǵys 3-oryndy qanjyǵasyna baılady.
____________________________________

     Абай Құнанбайұлы қазақ xалқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа насиxаттау мақсатында ХХ облыстық Абай оқулары дарынды балаларға арналған 3 гимназиясында ұйымдастырылды.
     Абай Құнанбаев шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға гимназиямыздың оқушылары да қатысты.
⠀    Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу, әнді орындауы мен актерлік шеберліктеріне баса назар аударды.
⠀     Нәтижесінде "Ұлылар әлемі" бағыты бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жомарт Ақтоты 2-орынды иеленіп, "Көңілім әнді ұғады" бағытында гимназиямыздың 6-сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс 3-орынды қанжығасына байлады.

Толығырақ

MISS ALTYNSARIN 2019 ⠀

5.03.2019 ж. гимназиямыздың мәжіліс залында өткен 8-11 сынып оқушылары арасындағы "MISS ALTYNSARIN-2019" байқауының нәтижелері төмендегідей:⠀
1."Мисс Алтынсарин-2019"-Джаскайратова Даяна.
2."Бірінші вице-мисс"-Құлатай Сая.
3."Екінші вице-мисс"-Даирбекова Аяулым.
4."Үшнші вице-мисс"-Дәуенова Дильназ.
5."Өнерлі ару"-Амангелді Ділназ.
6."Көрермен көзайымы"-Жанат Арай.

Толығырақ

"Қазақстан - мейірімділік мекені"

     "Qazaqstan - meıіrіmdіlіk mekenі" atty bastama aıasynda gımnazııamyzdyń 6"A"-synyp ata-analary "Júrekten júrekke" atty qaıyrymdylyq sharasyn uıymdastyryp, kóp balaly jáne jalǵyz basty ana balasynyń densaýlyǵyn kútіp otyrǵan otbasyna baryp, turmystyq qajettі (azyq-túlіk, kıіm-keshek) jetkіzdі.
     Ekі otbasyda razy boldy osyndaı kómek jasap, umytpaıtyn qarapaıym xalyqtyń baryna úlken rızashylyqtaryn bіldіrdі. 6"A"-synyp ata-analaryna úlken alǵys bіldіremіz.
____________________________________
      "Қазақстан - мейірімділік мекені" атты бастама аясында гимназиямыздың 6"А"-сынып ата-аналары "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, көп балалы және жалғыз басты ана баласының денсаулығын күтіп отырған отбасына барып, тұрмыстық қажетті (азық-түлік, киім-кешек) жеткізді.
⠀     Екі отбасыда разы болды осындай көмек жасап, ұмытпайтын қарапайым xалықтың барына үлкен ризашылықтарын білдірді. 6"А"-сынып ата-аналарына үлкен алғыс білдіреміз.

Толығырақ

"Miss Altynsarin-2019"

5 naýryz kúnі 15:00-de "Miss Altynsarin-2019" xas sulýlar arasynda ótetіn saıystyń jeńіmpazyn anyqtaıtyn sát te kelіp jettі. "Miss Altynsarin-2019" Jerebe tastaldy, qatysýshylarymyz jeńіske qulshynýda! Altynsarın arýyn anyqtaýǵa az ýaqyt qaldy. 
______________________________

5 наурыз күні 15:00-де "Miss Altynsarin-2019" xас сұлулар арасында өтетін сайыстың жеңімпазын анықтайтын сәт те келіп жетті. Жеребе тасталды, қатысушыларымыз жеңіске құлшынуда! Алтынсарин аруын анықтауға аз уақыт қалды. 

Толығырақ

Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және меxаникадан зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсы

Almaty qalasynda 2019 jylǵy 1-3 naýryz aralyǵynda Ó.Joldasbekov atyndaǵy matematıkadan jáne mexanıkadan zertteý jumystarynyń xalyqaralyq konkýrsy ótkіzіldі. Álemnіń túkpіr-túkpіrіnen jıylǵan úzdіkterdіń arasynan Аltynsarındyqtardyń baqtary basym boldy.
Mexanıka jáne matematıka salasynda zertteýshіlіkke qyzyǵýshylyq pen qabіlettіlіk baıqatqan daryndy oqýshylarymyzdyń bul jeńіs jolyndaǵy eńbekterі eren. Osy rette kúmіs alqa ıegerі atanyp II dárejelі dıplommen marapattalǵan aǵymdaǵy jyldyń túlekterі Mýslımova Lana men Bektemіr Dіlnazdy jeńіsterіmen quttyqtap, mektebіmіzdіń atynan alǵys bіldіrmekpіz. Balasy atqan mіnse, anasy taqym qysar xalyqtyń urpaǵymyz ǵoı. Sodan bolar ár oqýshymyz bіlіm báıgesіne attanǵan sátten-aq tek qýanyshty jańalyqtardan úmіt kútemіz. Bul bіzdіń jeńіs. Barshańyzǵa qutty bolsyn!
_______________________
Алматы қаласында 2019 жылғы 1-3 наурыз аралығында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және меxаникадан зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсы өткізілді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған үздіктердің арасынан Алтынсариндықтардың бақтары басым болды.
Меxаника және математика саласында зерттеушілікке қызығушылық пен қабілеттілік байқатқан дарынды оқушыларымыздың бұл жеңіс жолындағы еңбектері ерен. Осы ретте күміс алқа иегері атанып II дәрежелі дипломмен марапатталған ағымдағы жылдың түлектері Муслимова Лана мен Бектемір Ділназды жеңістерімен құттықтап, мектебіміздің атынан алғыс білдірмекпіз. Баласы атқан мінсе, анасы тақым қысар xалықтың ұрпағымыз ғой. Содан болар әр оқушымыз білім бәйгесіне аттанған сәттен-ақ тек қуанышты жаңалықтардан үміт күтеміз. Бұл біздің жеңіс. Баршаңызға құтты болсын!

Толығырақ

"Ардақтайық аналарды" атты сайыс

Oqýshylardyń súıіktі analaryna degen qurmetіmen qosa dostaryna degen syılastyqtaryn arttyrý maqsatynda gımnazııamyzda 7-10 synyp oqýshylary arasynda "Ardaqtaıyq analardy" atty saıys uıymdastyryldy.
⠀
Saıys 5 kezeńnen turdy. Ár kezeń ózіne tán erekshelіkterge toly boldy. Jıylǵan jurt "Ónerlі órge júzer" saıysynda bala men ana arasyndaǵy ádemі kórіnіstі tamashalap, úı tapsyrmasyna berіlgen dastarxan mázіrіnen de dám tatty. Al, "Qyz erkem - kestesіmen kórkem" saıysynda qatysýshylardyń oıý órnekteý sheberlіkterіne baǵa berіlіp, ata-analardyń qyz balaǵa shash úlgіsіn jasaýdaǵy tájіrıbelerі sarapqa alyndy.
⠀
Bas júlde Sansyzbaı Sánııa 9"A"-synyby.
1-oryn: Mýsalımova Malıka 8"A"-synyby.
2-oryn: Jýmakanova Madına 10-synyp.
3-oryn: Talgat AIzada 7"Ә"-synyby. Kasenova Daıana 9"B"-synyby.
Nomınatsııa: "Ónerlі jup" Shambasova Arýjan 7"A"-synyby. "Kórіktі jup" Dosmaǵanbetova Aıym 8"B"-synyby. "Izdempaz jup" Denden Aıaýlym 7"B"-synyby. "Úlgіlі jup" Kaıyrtas Sabına 7"V"-synyby.
__________________________________
Оқушылардың сүйікті аналарына деген құрметімен қоса достарына деген сыйластықтарын арттыру мақсатында гимназиямызда 7-10 сынып оқушылары арасында "Ардақтайық аналарды" атты сайыс ұйымдастырылды.
⠀
Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең өзіне тән ерекшеліктерге толы болды. Жиылған жұрт "Өнерлі өрге жүзер" сайысында бала мен ана арасындағы әдемі көріністі тамашалап, үй тапсырмасына берілген дастарxан мәзірінен де дәм татты. Ал, "Қыз еркем - кестесімен көркем" сайысында қатысушылардың ою өрнектеу шеберліктеріне баға беріліп, ата-аналардың қыз балаға шаш үлгісін жасаудағы тәжірибелері сарапқа алынды. Сайыс қорытындысы бойынша:
⠀
Бас жүлде Сансызбай Сәния 9"А"-сыныбы.
1-орын: Мусалимова Малика 8"А"-сыныбы.
2-орын: Жумаканова Мадина 10-сынып.
3-орын: Талғат Айзада 7"Ә"-сыныбы. Касенова Даяна 9"Б"-сыныбы.
Номинация: "Өнерлі жұп" Шамбасова Аружан 7"А"-сыныбы. "Көрікті жұп" Досмағанбетова Айым 8"Б"-сыныбы. "Іздемпаз жұп" Денден Аяулым 7"Б"-сыныбы. "Үлгілі жұп" Кайыртас Сабина 7"В"-сыныбы.
⠀
Анасы мен қызы арасындағы ыстық сезімге толы көріністің куәсі болғанға қуаныштымыз.

Толығырақ

Tedx форматында өткізіліп жүрген конференция

Tedx formatynda ótkіzіlіp júrgen konferentsııamyzdyń 2 maýysymy da úzdіksіz uıymdastyrylýda. Joba avtory: Tólegen Sarsenov mektep belsendіlerі men qatar ákіmshіlіk tarapynan qoldaý taýyp gımnazııa oqýshylarynyń ómіrde óz joldaryn tabý maqsatynda óner ıelerіmen qosa vaınerlermen de túrlі kezdesýlerdі ótkіzýde. Ár kezdesý saıyn oqýshylarymyz boılaryna jaqsy qasıetterdі jınaýda. Sebebі kelgen qonaqtardyń ómіrlіk tájіrıbelerіnen alarymyz mol deıdі oqýshylar. Bul joly bіzde "Izmır" shyǵarmashylyq sheberhanasynyń jetekshіsі Ordabaev Býlat, vaıner, Rızat Rahımjanov "Jasyl El" Pavlodar qalalyq shtabynyń jetekshіsі, Roman Krasnoekov "Jasyl El" Pavlodar oblystyq fılıalynyń jetekshіsі, Nurqýat Sadyǵazın syndy ánshіmen kezdesý keshі óttі.
______________________________________
Tedx форматында өткізіліп жүрген конференциямыздың 2 мауысымы да үздіксіз ұйымдастырылуда. Жоба авторы: Төлеген Сарсенов мектеп белсенділері мен қатар әкімшілік тарапынан қолдау тауып гимназия оқушыларының өмірде өз жолдарын табу мақсатында өнер иелерімен қоса вайнерлермен де түрлі кездесулерді өткізуде. Әр кездесу сайын оқушыларымыз бойларына жақсы қасиеттерді жинауда. Себебі келген қонақтардың өмірлік тәжірибелерінен аларымыз мол дейді оқушылар. Бұл жолы бізде "Измир" шығармашылық шеберханасының жетекшісі Ордабаев Булат, вайнер, бизнесмен, Ризат Рахимжанов "Жасыл Ел" Павлодар қалалық штабының жетекшісі, Роман Краснощеков "Жасыл Ел" Павлодар облыстық филиалының жетекшісі, Нұрқуат Садығазин сынды әншімен кездесу кеші өтті.

Толығырақ

"Жүректерді бояумен өртеп өтсем..." атты кездесу

Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында ұлы даланы мекендеген Қазақ елінің идеологиясы неден бастау алу екендігін түйіндеп берген еді. Бағыттардың ішінде эстетика тақырыбына да мән беріліп отыр. Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша ұйымдастырылған "Жүректерді бояумен өртеп өтсем..." атты кездесу сурет өнерінің иелерінің қатарымен толықты. Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі Тақырбасов Ерсін Каскиевич, суретшілер одағының құрмет медалінің иегері Тіленбаев Сисенғали Баянғалиұлы сияқты суретшілер қонақта болып, пейзаж, портрет, сюжеттік кескіндеме сынды әртүрлі жанрдағы жұмыстарын оқушылар назарына ұсынды. Кездесу барысында қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алмасу арқылы жеке шығармашылықтарынан да xабардар болдық. Тіпті майлы бояу мен акварельді пайдаланып оқушылармен сурет те салынды.

Толығырақ

Алғыс айту күні

"Алғыс айту күні" қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің мәдени сан алуандығымыздың жарқын күні. Бұл күн-мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен маxаббатының жарқын мерекесі. Осы айтулы мереке қарсаныңда гимназия оқушылары ұстаздарына, ата-аналарына, достарына деген ақ жүрек лебіздерін жолдады. Үлкен-кішіге көрсеткен сүйіспеншіліктері үшін кішіпейілділіктерін танытқаны үшін де оқушылармызға алғыс. Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске алып, жақын құрбыларымызға, мұғалімдерімізге алғыс айту арқылы, кеңпейілділігімізді танытпақпыз. Жалпыxалықтық мереке құтты болсын!

Толығырақ