"Жүректерді бояумен өртеп өтсем..." атты кездесу
Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында ұлы даланы мекендеген Қазақ елінің идеологиясы неден бастау алу екендігін түйіндеп берген еді. Бағыттардың ішінде эстетика тақырыбына да мән беріліп отыр. Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие бағыты бойынша ұйымдастырылған "Жүректерді бояумен өртеп өтсем..." атты кездесу сурет өнерінің иелерінің қатарымен толықты. Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі Тақырбасов Ерсін Каскиевич, суретшілер одағының құрмет медалінің иегері Тіленбаев Сисенғали Баянғалиұлы сияқты суретшілер қонақта болып, пейзаж, портрет, сюжеттік кескіндеме сынды әртүрлі жанрдағы жұмыстарын оқушылар назарына ұсынды. Кездесу барысында қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алмасу арқылы жеке шығармашылықтарынан да xабардар болдық. Тіпті майлы бояу мен акварельді пайдаланып оқушылармен сурет те салынды.