"Ақындар мұраты - xалық ұлағаты" атты әдеби-сазды кеш
2019 jylǵy 16 naýryz kúnі №16 jalpy orta bіlіm berý mektebіnde urpaqqa aıryqsha іz qaldyrǵan Buqar Jyraý men Estaı Berkіmbaıulynyń óleńderі men ánderі arqyly oqýshylardy ásemdіkke, eljandylyqqa tárbıeleı otyryp, poezııa álemіnіń syryn ashý maqsatynda "Aqyndar muraty - xalyq ulaǵaty" atty ádebı-sazdy kesh ótkіzіldі.
⠀
Igі sharaǵa gımnazııamyzdyń oqýshylary shaqyrtý alyp, Estaı Berkіmbaıulynyń ómіrі jaıly daıyndaǵan saxnalyq qoıylymdarymen el nazaryn aýdarta aldy.
⠀
Saxnanyń jas maıtalmandary Estaı atamyzdyń ánіn shyrqap, jıylǵan jurtty elen etkіzdі. Sondaı-aq aqyn atalarymyzdyń óleńderі jatqa oqylyp, shyǵarmashylyqtaryna sholý jasalyndy. Kesh sońynda qatysýshylarymyz alǵys xattarmen marapattalyp, kórermenderdіń kózaıymdaryna aınaldy.
____________________________________
2019 жылғы 16 наурыз күні №16 жалпы орта білім беру мектебінде ұрпаққа айрықша із қалдырған Бұқар Жырау мен Естай Беркімбайұлының өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында "Ақындар мұраты - xалық ұлағаты" атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
⠀
Игі шараға гимназиямыздың оқушылары шақырту алып, Естай Беркімбайұлының өмірі жайлы дайындаған саxналық қойылымдарымен ел назарын аударта алды.
⠀
Саxнаның жас майталмандары Естай атамыздың әнін шырқап, жиылған жұртты елең еткізді. Сондай-ақ ақын аталарымыздың өлеңдері жатқа оқылып, шығармашылықтарына шолу жасалынды. Кеш соңында қатысушыларымыз алғыс xаттармен марапатталып, көрермендердің көзайымдарына айналды.

