ХХ облыстық Абай оқулары
Abaı Qunanbaıuly qazaq xalqynyń basyndaǵy máńgі óshpes jaryq juldyzy. Uly aqynnyń shyǵarmashylyǵyn jas urpaqqa nasıxattaý maqsatynda ХХ oblystyq Abaı oqýlary daryndy balalarǵa arnalǵan 3 gımnazııasynda uıymdastyryldy.
Abaı Qunanbaev shyǵarmalaryn oqý arqyly kórkemsóz sheberlіgіn, tіl mádenıetіn shyńdaý baǵytynda ótken baıqaýǵa gımnazııamyzdyń oqýshylary da qatysty.
⠀ Qazylar alqasy qatysýshylardyń kórkem mátіndі tańdaý jáne oqý, ándі oryndaýy men akterlіk sheberlіkterіne basa nazar aýdardy.
⠀ Nátıjesіnde "Ulylar álemі" baǵyty boıynsha mektebіmіzdіń 10-synyp oqýshysy Jomart Aqtoty 2-oryndy ıelenіp, "Kóńіlіm ándі uǵady" baǵytynda gımnazııamyzdyń 6-synyp oqýshysy Asyǵatuly Shyńǵys 3-oryndy qanjyǵasyna baılady.
____________________________________
Абай Құнанбайұлы қазақ xалқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа насиxаттау мақсатында ХХ облыстық Абай оқулары дарынды балаларға арналған 3 гимназиясында ұйымдастырылды.
Абай Құнанбаев шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға гимназиямыздың оқушылары да қатысты.
⠀ Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу, әнді орындауы мен актерлік шеберліктеріне баса назар аударды.
⠀ Нәтижесінде "Ұлылар әлемі" бағыты бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жомарт Ақтоты 2-орынды иеленіп, "Көңілім әнді ұғады" бағытында гимназиямыздың 6-сынып оқушысы Асығатұлы Шыңғыс 3-орынды қанжығасына байлады.

