Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Түлектер форумы

     Киелі қара шаңырағымызға айналған білім ордамызда "Мектепке тағзым" жобасын жүзеге асыру аясында түлектер форумы өткізілді. Алғаш рет ұйымдастырылған форумда еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі салада қызмет атқарып, таңдаған мамандығы бойынша биік жетістіктерге жете білген түлектеріміз бас қосты. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектеріміз ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мұратында өткізілген форумға қатысқандарына дән риза болды. Оқушы кездеріндегі қызықты сәттерін еске алып, қазіргі мектеп тынысымен танысты.
⠀    Форум барысында мектеп директоры Қалдыбаев Шоқан Түймебайұлы форумға қатысушыларды форумның мақсат-міндетімен таныстырып оның маңыздылығына тоқтала кетті. Сондай-ақ гимназиямызда еңбек еткен ардагер ұстаздар қауымы мен басшылық қызмет атқарған ардақты ұстаз Жылқыбаев Мақажан Несыпбайұлы, Сүлейменов Жомарт Нұртайұлы, Ахметниязова Айгүл Жұматқызы құрметті қонақ ретінде шақырылды.
⠀    Басты 3 мақсатты көздеген, атап айтсақ, 1) түлектердің оқу-тәрбие ісіне белсене ат салысуы, 2) "Мектепке тағзым" акциясын қолдау, 3) түлектер қауымдастығын құру, форум аясында баяндамалар оқылып, алдағы уақытта атқарылар бірқатар істер жоспарланды.  Сондай-ақ түлектер қауымдастығын құруда көптеген игі істердің атқарылуына ұйытқы болар арнайы жұмыс тобы жасақталады.
⠀    Форум соңында келген қонақтарымыз мектеп асханасында жайылған ақ дастарханнан дәм татып, игі бастамаға сәттілік тілеп, қолдау көрсететіндерін айтты.

Түлектер форумы

видео