"Отбасы-тәрбие басы, Мектеп-тәрбие жаршысы" тақырыбында Матаева Асыл Камчыбековнамен кездесу
"Tárbıe tal besіkten" - dep aıtyp ketken babalarymyzdyń bul sózіnde úlken mán maǵyna jatqany sózsіz. Ár bala otbasydan alǵan tárbıesіmen qoǵamǵa aralasyp, ózіnіń boıyndaǵy jaqsy qasıetterіn kórsetýge tyrysady. Demek, ár ata-ana bala tárbıesіndegі rólі zor ekendіgіn sezіný qajet.
⠀ Osy oraıda "Otbasy-tárbıe basy, Mektep-tárbıe jarshysy" taqyrybynda Pavlodar Memlekettіk Pedagogıkalyq Ýrıversıtetіnіń qazaq tіlі jáne ádebıetі kafedrasynyń aǵa oqytýshysy Mataeva Asyl Kamchybekovnamen kezdesý óttі.
⠀ Kezdesý barysynda otbasy máselesі jáne ondaǵy qundylyqtar jónіnde bіrqatar máseleler kóterіldі. Sondaı-aq suraq almasý arqyly oqýshylarymyz da qoıylǵan suraqtaryna jaýaptaryn ala aldy.
______________________________________
"Тәрбие тал бесіктен" - деп айтып кеткен бабаларымыздың бұл сөзінде үлкен мән мағына жатқаны сөзсіз. Әр бала отбасынан алған тәрбиесімен қоғамға араласып, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысады. Демек, әр ата-ана бала тәрбиесіндегі рөлі зор екендігін сезіну қажет.
⠀ Осы орайда "Отбасы-тәрбие басы, Мектеп-тәрбие жаршысы" тақырыбында Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Матаева Асыл Камчыбековнамен кездесу өтті.
⠀ Кездесу барысында отбасы мәселесі және ондағы құндылықтар жөнінде бірқатар мәселелер көтерілді. Сондай-ақ сұрақ алмасу арқылы оқушыларымыз да қойылған сұрақтарына жауаптарын ала алды.