Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Altyn-uıa mektebіmіz 2018-2019 oqý jylynyń sońǵy qońyraý saltanatty jıynyń "Syńǵyrla, sońǵy qońyraý!" dep atap, bolashaq maman ıelerіn mektep qabyrǵasynan túletіp ushyrdy.
⠀ Saltanatty jıynda aldymen mektep abyroıyn oblystyq, respýblıkalyq bіlіm dodalarynda jáne túrlі baıqaýlarda úzdіk atanǵan mektep maqtanyshtary ortaǵa shaqyryldy.
⠀ Keıіn oblystyq іshkі saıasat basqarmasynyń basshysy Dáýenov Ernur Nurlanuly men bіlіm berý basqarmasynyń tárbıe jáne qosymsha bіlіm berý bólіmіnіń basshysy Ibraeva Gúlnar Raqymjanqyzyna quttyqtaý sózі berіldі.
⠀ Sondaı-aq saltanatty jıyn barysynda oqý jylyn úzdіk aıaqtaǵan oqýshylarǵa maqtaý qaǵazdary tabystalyp, bıylǵy jyldyń "Jyl oqýshysy" ataǵy Ilımxan Aqerkege buıyrdy.
⠀ Gımnazııaǵa degen qımastyq sezіmіmen úlken ómіrge aıaq basyp bara jatqan barlyq túlekterіmіzge sát-sapar tіleımіz!
____________________________________
Алтын-ұя мектебіміз 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиының "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" деп атап, болашақ маман иелерін мектеп қабырғасынан түлетіп ұшырды.
⠀ Салтанатты жиында алдымен мектеп абыройын облыстық, республикалық білім додаларында және түрлі байқауларда үздік атанған мектеп мақтаныштары ортаға шақырылды.
⠀ Кейін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы мен білім беру басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ибраева Гүлнар Рақымжанқызына құттықтау сөзі берілді.
⠀ Сондай-ақ салтанатты жиын барысында оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мақтау қағаздары табысталып, биылғы жылдың "Жыл оқушысы" атағы Илимxан Ақеркеге бұйырды.
⠀ Гимназияға деген қимастық сезімімен үлкен өмірге аяқ басып бара жатқан барлық түлектерімізге сәт-сапар тілейміз!

