Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадада
Қызылорда қаласында 2019 жылғы 25-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадада Алтынсариндықтардың жұлдызы жарқырады.
Аталмыш білім додасына мектебіміздің Темірқазығына айналған ең білікті де, білгір 4 оқушымыз аттанған болатын. Дарындыларымыз сапарға шыққан күннен бері гимназиямызбен қатар күллі облыс болып тақым қысып, шыбын жанымыз шүберекке түйілгендей болды. Ел абыройын арқалаған өрендеріміз артқан жүктің жеңіл еместігін сезініп, бастағы бөрікті аспанға атқызардай сүйінші жаңалықтарымен төбемізді көкке жеткізді.
Сөйтіп, Республикамыздан 641 оқушы қатысқан олимпиадада 2 қола, 2 алтын медальмен қанжығамыз майланып, жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз.
I дәрежелі диплом.
Наурызбай Гүлмәркен (Қазақстан тариxы) жетекшісі: Мұxтар. Д.Б.
Жомарт Ақтоты (Қазақ тілі мен әдебиет) жетекшісі: Окпина.Б.М.
II дәрежелі диплом.
Илимxан Ақерке (Қазақ тілі мен әдебиет) жетекшісі: Абаева.А.Т.
Негманова Диана (Орыс тілі) жетекшісі: Бекенов Қ.Қ.
Жеңіс туын желбіреткен жеңімпаздарымызға шын жүректен алғыс айтамыз. Сонымен қатар білім додасына баптап қосқан ұстаздарымыздың еңбектеріне табыс, жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз.

