Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Өзі жақсы кісіге, Бір кісілік орын бар

     2018 жылы 9 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тұңғыш рет TEDx форматындағы конференция болып өтті. Бұл форматтағы конференцияның басты мақсаты оқушыларды мотивациялап, өмірде өз жолын табуға септігін тигізіп, олардың бойларына жаңа идеяларды дарыту болып табылады.
     «Облысымыздың өзге білім ордаларындағы аталған форматтағы конференциялардан бұл жобаның айырмашылығы балалармен өз тәжірибесімен бөлісіп, оларға идея ұсынатын тұлғалар жан-жақтан шақырылатын бизнесмендер, блогерлер, бишілер, әншілер және өзге де кәсіп иелері екендігінде»-деп атап өтті жоба авторы: Тулеген Сарсенов (@tndvc).

     Аталған мақсаттар бойынша өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісуге төрт спикер қонаққа шақырылды. Олар С.Торайғыров атындағы ПМУ түлегі, магистрант, стартап академияның тұңғыш түлектерінің бірі Расул Килаш (@rassul_life), гимназияның 2007-2011 жылдар аралығындағы директоры Ахметниязова Айгуль Жуматқызы (@aigul_zhumatkyzy), «Мисс Павлодар – 2017» Сания Темерханова (@temerkhanova_s), «JustFlyCrew» хип-хоп бағытындағы би мектебінің басқарушысы Данияр Абишев (@danikfantomjfc).