10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу
"Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан"
А.Құнанбайұлы
____________________________
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ шешім қабылдауда қиналамыз. Бұндай жағдайда псиxолог, мектеп мұғалімдері, ата-анаңыздың көмектеріне жүгінгеніміз жөн. Осы орайда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушылары мен, прфессорлары мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді. Мамандық таңдаудағы мамандардың кеңесі мектеп ата-аналары үшін таптырмас мүмкіндік болды. Онда ҰБТ-де таңдамалы пәндердің әрқайсысына тоқталып, оның мүмкіншіліктерімен таныстырды. Яғни, жоғарғы оқу орындарында көп грант бөлінетін мамандықтар туралы ата-аналар толықтай ақпарат ала алды. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.



