"Рухани жаңғыру" кабинетінің ашылуы
Павлодар облысында 60-шы "Рухани жаңғыру" кабинеті Ы.Алтынсарин гимназиясында ашылды.
Тәуелсіздік күні қарсаныңда Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын насихаттау үшін арнайы кабинет ашылды. Игі шараға облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы, "Сарыарқа самалы" газетінің бас редакторы Нұрбол Қанатбекұлы, "рухани жаңғыру" аймақтық жобалар офисінің менеджері Айгүл Серікқызы, Е.Бекмаханов атындағы кітапхана директоры Роза Ержанқызы және ардагер ұстаздар мен мектеп ұжымы қатысты.
Ашылу рәсімінде салтанатты лента қию мәртебесі басқарма басшысы мен білім ордасына еңбегі сіңген ардагер ұстаз Мақажан Несіпжанұлына берілді.
"Рухани жаңғыру" кабинеті-шәкірттер бойында туған жердің тарихына, әдебиетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында құрылып, оқушыларға пайдалануға ұсынылды.

