Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

ІII орын және "Ең үздік олимпиадалық команда-2019" номинациясы

 

 

"Búgіngі kún - keshegіnіń jemіsі, erteńgіnіń bolmysy" - deıdі dana xalqymyz. Qaı mekteptіń bolsyn erteńі-bіlіmdі oqýshylarda. Túrlі bіlіm báıgelerіnde máre syzyǵyn bіrіnshі bolyp kesіp júrgen úzdіkterіmіz aıtarlyqtaı jeterlіk. Gımnazııa baıraǵyn kókke jelbіretіp, abyroıyn asqaqtatqan órenderіmіzdіń bolashaǵy jarqyn bolsyn dep tіleımіz. "Jumyla kótergen júk jeńіl" demekshі bul rette ustazdardyń da eńbekterіn aıta ketken jón. Sondaı-aq mektep mártebesіn kótergen jetіstіkterі de ushan-teńіz. Bіz qaı kezde de jeńіske bіrge jetýdі kózdeımіz. Sonyń bіr jemіsіnіń dámіn búgіn tatyp kórdіk. Qoǵamdyq-gýmanıtarlyq baǵyttaǵy pánder boıynsha oblystyq olımpıadanyń qorytyndysynda eń úzdіk nátıjemіz úshіn III oryn jáne "Eń úzdіk olımpıadalyq komanda-2019" nomınatsııasymen marapattaldyq!!!!
_________________________________________
"Бүгінгі күн - кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы" - дейді дана xалқымыз. Қай мектептің болсын ертеңі-білімді оқушыларда. Түрлі білім бәйгелерінде мәре сызығын бірінші болып кесіп жүрген үздіктеріміз айтарлықтай жетерлік. Гимназия байрағын көкке желбіретіп, абыройын асқақтатқан өрендеріміздің болашағы жарқын болсын деп тілейміз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші бұл ретте ұстаздардың да еңбектерін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мектеп мәртебесін көтерген жетістіктері де ұшан-теңіз. Біз қай кезде де жеңіске бірге жетуді көздейміз. Соның бір жемісінің дәмін бүгін татып көрдік. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысында ең үздік нәтижеміз үшін III орын және "Ең үздік олимпиадалық команда-2019" номинациясымен марапатталдық!!!!