Ғажайып күз-2018
Кеше, 11.10.2018 ж. күні, мектебімізде ұстаздар мен ата-аналардың қатысуымен 5-6 сынып оқушылары арасында "Ғажайып күз-2018" мерекесі аталып өтті. Мерекеге оқушылар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері музыкалық қойылым көрсетіп мерекенің мазмұның аша түсті. Сондай-ақ, оқушылар табиғи материалдармен жемістерді пайдаланып әртүрлі бұйымдар жасап, көпшілікті тәнті етті.
