Елбасы Жолдауы – жарқын болашаққа бастар жол
Дәстүр бойынша Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын ел назарына ұсынды.
Мектебіміздің ұстаздар ұжымы Елбасы Жолдауын аса қызығушылықпен қабылдап талқыға салды. Әр бөлімін ыждаһаттылықпен зер сала қарап, өз пікірлерін білдірді.
Елбасымыз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқарылғанын тілге тиек ете келіп, Қазақстандықтардың әл-ауқатының, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екендігін айтып өтті. "Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз», – деп орынды атап өтті Н.Ә.Назарбаев. «ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ» бөлімінде Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Біріншіден, бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін. Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі, – өз сөзінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
«ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» бөлімінде өмір сүру деңгейінің артуына көңіл бөлетіндігін ұстаздар қауымы қуанышпен қабылдады. Өйткені білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты екендігі даусыз. Осыған орай, биылғы жолдауда 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігіне баса мән берлген. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартуға көңіл бөлінген. Бұл салада да біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігі дұрыс ескерілген. Ерекше назар аударылған мәселе Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екендігін, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге міндетті екендігін айта келіп, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау, мемлекеттік білім гранттарының санын көбейту, жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы жайында да қадап айтты.
Қорыта айтқанда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы қоғамның әр саласын қамтыған және халық көңілінен шыққан бағдарлама деген ойдамыз.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының ұстаздар ұжымы
